Ұжымдық шарттың тараптары. Ұжымдық шарттың
тараптары болып мыналар табылады:
1) қызметкерлер – өз өкілдері арқылы;
2) жұмыс беруші – ұйымның басшысы немесе ұйымның
жарғысына (не өзге де локальдық актіге) сəйкес өкілеттіктерге ие
өзге де тұлға арқылы.
Ұжымдық шарттың бір тарапы болып
жұмыс беруші табылады.
Жұмыс берушінің өкілі оның атынан келіссөздер жүргізіп,
ұжымдық шартты бекіту мəселелерін шеше алады.
Заңнамаға
сəйкес жұмыс берушінің өкілі ретінде құрылтай құжаттарының
негізінде жұмыс берушінің (немесе жұмыс берушілер тобының)
мүдделерін білдіруге уəкілетті жеке немесе заңды тұлға болуы
мүмкін. Мысалы, мемлекеттік кəсіпорында жұмыс берушінің өкілі
болып кəсіпорынның басшысы, ал мемлекеттік емес кəсіпорында –
меншік иесі немесе меншік иесінің өкілі болуға уəкілетті кəсіпорын
басшысы табылады.
Аталған лауазымды тұлғалардың өкілдік уəкілеттері
жұмыс
берушінің ерекше бұйрығымен (өкімімен) рəсімделуі тиіс.
Ұжымдық шарттың екінші тарапы болып кəсіпорынның немесе
ұйымның
қызметкерлері табылады. Қызметкерлер
ұжымдық
шарттың тарапы бола отырып, шартқа жекелеген тұлғалар ретінде
емес, заңды тұлғаның құқықтарына ие дербес субъект – жалпы
еңбек ұжымы не оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі ретінде
қатысады. Жəне де қызметкерлердің
немесе еңбек ұжымының өзі
ұжымдық шартты бекітуге тікелей қатыспайды, олардың атынан
өкілдері – кəсіптік одақ ұйымдары немесе өзге де уəкілетті өкілдік
органдар əрекет етеді. ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 1-бабына
сəйкес, қызметкерлердің өкілдері болып кəсіптік одақтардың жəне
олардың бірлестіктерінің
құрылтай құжаттарына, сенімхатқа не
жиналыста қабылданған шешімге сəйкес өкілдік етуге уəкілетті
органдары, сондай-ақ қызметкерлер уəкілдік берген өзге де
тұлғалар мен ұйымдар табылады.
Сонымен, ұжымдық шарттың тарапын айқындап алған жөн:
тараптар ретінде қызметкерлер (еңбек ұжымы) жəне ұжымдық
шарттық үрдістің қатысушылары шартқа қатысады. Жоғарыда атап
өткеніміздей, шартқа қызметкерлер тарапынан кəсіптік одақ
органдары не ұйым қызметкерлерінің жалпы жиналысында
(конференцияда) құрылған жəне арнайы уəкілеттіктерге ие
қоғамдық органдар қатысады.