Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді



Pdf көрінісі
бет41/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді 
ортақ өндірістік, кəсіби мүдделердің негізінде біріктіретін, 
тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер
ҚР 
«Кəсіптік 
одақтар 
туралы» 
заңының 1-бабында 
кəсіподақтарға келесідей анықтама берілген: 
Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар) – 
дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар коғамдық бірлестіктер, оларды 
азаматтар өздерінің кəсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз 
мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мудделерін білдіріп, қорғау, 
еңбек жағдайларын корғау мен жақсарту үшін ерікті түрде 
кұрады. 
Кəсіподақтар салалық (мысалы, темір жол қызметкерлерінің 
кəсіподағы), аумақтық (мысалы, Алматы қалалық жəне Алматы 
облыстық ұстаздардың кəсіподағы) немесе кəсіби ерекшелікті 
ескеретін өзге де белгісі бойынша құрылуы мүмкін. Бастапқы 
кəсіподақтық ұйым бір өндіріс кəсіподағының мүшелерін 
біріктіреді. Бір немесе бірнеше мамандық бойынша құрылатын 
кəсіподақтардың санына шек қойылмайды. Барлық кəсіподақтарға 
теңдей құқықтар беріледі. 
Кəсіподақтардың сайланбалы, тұрақты əрекет ететін органы – 
кəсіподақтық комитет. Кəсіподақ өкілі – бұл кəсіподақтың 
ұйымдастырушысы, басшысы немесе еңбек ұжымының мүдделерін 
білдіруге уəкілетті өзге де тұлға. 


Кəсіподақтар өз қызметінде атқарушы билік органдарынан, 
жергілікті 
өзін-өзі 
басқару 
органдарынан, 
жұмыс 
берушілерден, 
саяси 
партиялардан 
жəне 
өзге 
де 
бірлестіктерден тəуелсіз болады, оларға есеп бермейді жəне 
олардың 
бақылауына 
жатпайды. 
Билік 
органдарының 
кəсіподақтардың 
қызметіне 
араласуына 
жол 
берілмейді. 
Кəсіподақтарды құруға қарсылық білдіру жəне оладың қызметіне 
қарсы əрекеттер жасау заңдармен қудаланады. 
Сонымен қатар, заңдарда азаматтарды кəсіподақтарға тиістілігі 
бойынша кемсітуге тыйымдар көзделген. Қандай да бір кəсіподаққа 
мүшелік қандай да бір құқықтардың немесе бостандықтардың 
шектелуіне əкелмейді. Қызметкерлердің жұмысқа қабылдануын
жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың 
белгілі бір кəсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен 
байланыстыруға тыйым салынады (ҚР «Кəсіподақтар туралы» 
заңның 7-бабы). 
Кəсіподақтар өздерінің жəне өз бірлестіктерінің жарғыларын 
жəне бастапқы кəсіподақты ұйым туралы ережені жасап, бекітеді. 
Бұл актілер кəсіподақ мүшелері мен кəсіподақтық органдар 
арасындағы қатынастарды реттейді. Олар қоғамдық дəрежедегі 
актілер 
болғандықтан 
құқықтың 
қайнар 
көздері 
болып 
табылмайды. 
Кəсіподақтар 
туралы 
заңдардың 
ережелері 
Қазақстан 
Республикасында тұрып, жұмыс істейтін шетел азаматтары мен 
азаматтығы жоқ адамдарға колданылады, сондай-ақ республикадан 
тыс жерде қызметтік іссапар тəртібімен жұмыс істейтін Қазақстан 
Республикасының азаматтарына да қолданылуы мүмкін (ҚР 
«Кəсіптік одақтар туралы» заңның 3-бабы). 
Алайда, кəсіподақтарды құруға тыйым салынатын кездер де 
болады. ҚР Конституциясына (5-бабы) сəйкес, республикада басқа 
мемлекеттердің кəсіптік одақтарының қызметіне, сондай-ақ 
кəсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың
шет 
мемлекеттер 
мен 
халықаралық 
ұйымдардың 
қаржыландыруына жол берілмейді. 
Қарулы Күштерде, ішкі, шекара, темір жол əскерлерінде, басқа 
да əскери кұрамаларда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында
кəсіптік одақтар туралы заңдардың қолданылу ерекшеліктері осы 
құрамалар туралы заңдармен белгіленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет