Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Кəсіптік одақтарға түсінік беріңіз.
2. Кəсіподақтар туралы заңдарға жалпы анықтама беріңіз.
3. Кəсіподақтар қандай белгілер бойынша құрылады?
4. Кəсіподақтардың маңызды функциялары қандай?
5. Кəсіподақтардың қорғаушылық функциясы дегеніміз не жəне
ол қалай жүзеге асырылады?
6. Кəсіподақтар қызметкерлерге өкілдік ету қызметін қалай
жүзеге асырады?
7. Кəсіптік одақтар туралы заңдардың күші кімдерге таралады?
7 Т А Р А У
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖƏНЕ ЖҰМЫСҚА
ОРНАЛАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру туралы
заңдарға жалпы сипаттама.
Еңбек нарығының түсінігі. Қазақстанның жəне өзге де
кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік
Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға
дейін
білмеген
жұмыссыздықтың пайда болуына жəне еңбек нарығының
туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мəселесі елдің
миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.
Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық
жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты
ұсыныстар
мен
сұраныстарды
қанағаттандырумен
байланысты экономикалық жəне құқықтық қатынастардың
жиынтығын білдіреді.
Бұл қатынастардың субъектілері болып əрқайсысы еңбек
нарығында ортақ жəне ерекше мүдделерге ие жұмыссыз
тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады.
Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті
ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу
мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс
күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған
қатынастардың өркениетті түрде даму жəне жұмыс беруші мен
қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып,
реттеуші жəне үйлестіруші болып табылады.
Еңбек
нарығын
жұмыс
берушілер
мен
жалданбалы
қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы
қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде де қарастыруға
болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік ретінде
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан
Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары
табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде
азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге
болады.
Аталған құқықтық кеңістіктердің шектері «қатып қалған»
статикалық сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық
кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен
байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан
Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде де
жұмысқа тұрып, одан өз еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің
қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның
құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі жəне басты функциясы
– бұл еңбек нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету
жəне дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан
Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту жəне
жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге
асырады.
Халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру
мəселелеріне
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңдары
салыстырмалы түрде жақында – жұмыссыздық проблемасының
туындауымен ден қойды. Дəл осы кезден бастап Қазақстан
Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту
туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде
халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан
Республикасы Конституциясының нормаларымен;
- қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін
бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауға жəне еңбекке қатысты
конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»
туралы заңымен;
- халықты жұмыспен қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың
негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты
жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі
мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Əлеуметтік
қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда
жұмыс орындарының ең төменгі санын (квотасын) белгілеу
мəселелері туралы» қаулысымен;
өз қызметкерлері үшін халықты
жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін,
еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық
шарттар
мен
əлеуметтік-əріптестік
келісімдерінің
нормативтік бөліктерімен;
- Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат
жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер жəне
т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың
еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын
бірқатар жарлықтармен жəне арнайы нормативтік құқықтық актілермен;
- ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының
қолданылуына түсіндірме жасаған халықты жұмыспен қамту
органдарының актілерімен.
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мəні мыналардан көрініс
табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі
мемлекеттік органдар құрылған жəне қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс
жəне т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мəртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5-бабында
халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
бекітілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы
құқықтарын анықтады;
7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның
жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде
оқыту жəне кəсіби дайындығы жүйесін дамытуға жəне қоғамдық
жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысуын
көздеді;
9) əлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы
жұмыссыздарға мақсатты əлеуметтік көмек көрсетудің тəртібін
анықтады.
Сонымен,
халықты
жұмыспен
қамту
жəне
жұмысқа
орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын
азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- еңбекке жəне кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
- қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық
қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасуда халықты
жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кəсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді жəне
біліктілігін тегін көтеруді;
- кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген
тапсырыстарға сəйкес тиісті мамандарды тауып беруді.
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту
саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де,
жұмыс берушілер үшін де ерекше мəнге ие, себебі, олар
жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін
қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар,
халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы
бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты
жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілеттік
органмен қарым-қатынасын реттейді.
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың
түсінігі. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бірінші
тарауында халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды
түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей
заңды анықтамалар берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |