Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Ұжымдық шарттың мазмұны –



Pdf көрінісі
бет36/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Ұжымдық шарттың мазмұны – бұл нақты бір кəсіпорында 
немесе 
ұйымда 
əлеуметтік-экономикалық 
жəне 
еңбек 
қатынастарды реттеу үшін тараптармен келісілген жəне 
қабылданған ережелер (жағдайлар). Ұжымдық шарттың негізгі 
ережелері ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 33-бабында жəне ҚР 
«Ұжмдық шарттар туралы» заңының 5-бабында көзделген.
Аталған ережелерді үш түрге бөлуге болады: нормативтік, 
міндетті жəне ақпараттық. 
Ұжымдық шарттың нормативтік ережелері – бұл тараптардың 
өз құзыреті шегінде белгіленген, тұрақты түрде қолдануға 
арналған, жалпы сипаттағы құқықтың локальдық нормалары. Бұл 
құқықтың локальдық нормалары белгілі бір ұйымның немесе оның 
өндірістік 
бірлігінің 
барлық 
қызметкерлеріне 
таралады. 
Нормативтік ережелер құқықтық мəселелердің үш тобын шешуге 
бағытталған: а) заңнамада құқықтық мəселелерді шешудің 
ұжымдық-шарттық тəртібі тікелей көзделген жағдайда; ə) 
заңнамада олқылықтар орын алса жəне құқықтық сауалдарды 
ұжымдық-шарттық жолмен шешу заңнама мен құқықтың 
қағидаларына жəне нормаларына қайшы келмесе; б) заңнаманың 
жалпы ережелері нақты бір ұйымның ерекшеліктеріне қарай 
түсінідірілген жəне нақтыланған жағдайда. 
Нарықтық қатынастарға өткелі бері ұжымдық шарттардың 
нормативтік ережелерінің саны күн санап өсуде. Оның себебі, 
жүргізілген 
реформалар 
барысында 
əлеуметтік-еңбек 
қатынастарын құқықтық реттеу орталықтандырылған (заң 
шығарушылық) реттеуден локальдық (ұжымдық-шарттық) реттеуге 
ауысуда. Заң шығарушылық реттеу ең алдымен қызметкерлер үшін 
жалпы міндетті кепілдіктерді (еңбек ақысының заңда көзделген 
мөлшерден кем болмауы, демалыс ұзақтығы жəне т.б.) белгілеуді 
көздесе, ұжымдық-шарттық реттеу белгілі бір ұйымдағы кəсіби 
қатынастар мен еңбек ерекшелігімен байланысты нақты 
мəселелердің кеңірек ауқымын қамтиды. 
ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңында ұжымдық шарт пен 
заңнаманың 
нормативтік 
ережелерінің 
арасындағы 
нақты 
арақатынас белгіленген. 
Ұжымдық шарттың мейлінше жиі кездесетін нормативтік 
ережелерінің қатарына нормаланбаған жұмыс күнінде жұмыс 
істейтін қызметкерлердің тізімін, оларға берілетін қосымша 
демалыстардың ұзақтығын, жоспардан тыс аванстарды төлеу 


тəртібін; олар үшін жалақы төлеудің кесімді, мерзімді немесе өзге 
де жүйелері белгіленген қызметкерлер кəсібінің тізімін; кəсібін 
басқа кəсіппен айналыса отырып жүргізуге рұқсат берілген 
қызметкерлердің тізімін жəне т.б. белгілейтін нормалар жатады. 
Ұжымдық шарттардағы нормалар өздерінің құқықтық табиғаты 
бойынша норма-келісімдер болып табылады. Оларда шарт 
тараптарының өзара еркі жəне тараптарға локальдық заңнама 
арқылы құқықтарды тиесілі еткен мемлекеттің (заң шығарушының) 
еркі көрініс табады. 
Ұжымдық шарттың міндетті ережелері нормативтік ережелерге 
(жоғарыда аталып өткендей, бұл нормалар жалпы сипатқа ие жəне 
бірнеше рет қолдануға бағытталған) қарағанда əрқашанда нақты 
сипатқа ие жəне тараптардың өзара міндеттемелерін қамтиды. ҚР 
«Ұжымдық шарттар туралы» заңының 5-бабына сəйкес, ұжымдық 
шартқа қызметкер мен жұмыс берушінің келесідей сауалдары 
бойынша өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін. Ол: еңбекті 
ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі. 
«Ұжымдық шарттар туралы» заңның 5-бабында ұжымдық 
шартта жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келесідей 
сауалдар бойынша өзара міндеттемелері көрініс табуы мүмкін деп 
көзделген. Ол: еңбекке ақы төлеудің нысаны, жүйесі жəне 
мөлшері, ақшалай сыйақылар, жəрдемақылар, өтемақылар; 
бағаның өсуіне байланысты еңбекке ақы төлеуді реттеу механизмі, 
медициналық жəне əлеуметтік сақтандыру бойынша сауалдар жəне 
т.б.
Ұжымдық шартта мыналар көзделеді: еңбекті жəне жалақыны 
ұйымдастыру; ең төменгі тарифтік ставкалар мен лауазымдық 
жалақылардың мөлшері; тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне 
байланысты қызметкерлер табысын өтеу тəртібі мен мөлшері
қызметкерлер жұмысынан айырылған жағдайда оларды сақтандыру 
тəртібі мен шарттары; өндіріс уақытша тоқтаған жағдайда оларды 
қорғау шаралары; жұмыссыздық жөніндегі жəрдемақы төлеу 
мерзімін үлғайту мүмкіндігі мен мөлшері; зейнеткерлерге, 
мүгедектерге, көп балалы жəне жартыкеш отбасыларына қосымша 
жеңілдіктер беру мен көмек көрсету; еңбек пен тұрмыс жағдайы
ерікті жəне міндетті медициналық əрі əлеуметтік сақтандыру; 
қызметкерлерді жұмыспен қамту жəне қайта оқыту; өндірісті 
дамыту мəселелері; еңбек жəне өндіріс тəртібін сақтауда еңбек 


ұжымы мүшелерінің жауапкершілігі; басқа да еңбек жəне 
əлеуметтік-экономикалық мəселелер жөніндегі ережелер. 
Ұжымдық шарттар қолданыстағы заңнаманың негізінде 
бекітіледі жəне олар қызметкерлердің құқықтарын шектемеуі 
немесе еңбек жағдайын нашарлатпауы, əлеуметтік кепілдіктерді 
бұзбауы тиіс. Сол себепті, ұжымдық шарттарға заңнамаға қайшы, 
еңбек жағдайын нашарлататын жəне əлеуметтік кепілдіктерді бұза 
отырып енгізілген ережелер жарамсыз деп танылады. Мұндай 
жағдайларда ұжымдық шарттың емес, қолданыстағы заңнаманың 
нормалары қолданылады. 
Əдетте, 
ұжымдық 
шарттарда 
мынадай 
мəселелер 
қарастырылады: еңбекті ұйымдастыру жəне жалақы төлеу 
мəселелері; 
тарифтік 
ставкалардың 
жəне 
лауазымдық 
жалақылардың мөлшері; инфляцияның нəтижесінде қызметкерге 
төленетін өтемақының мөлшері; қызметкерлерді сақтандыру 
мəселелері; 
өндірістің 
уақытша 
тоқтатылуы 
жағдайында 
қызметкерді қорғау шаралары, зейнеткерлерге, көпбалалы 
отбасыларға қосымша жеңілдіктер жасау жəне көмек көрсету; 
еңбек жəне тұрмыс жағдайы; еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек 
жəне өндірістік тəртіпті сақтауға қатысты жауапкершілігі жəне т.б. 
Ұжымдық шартта осы шарттың əрекет ету күшінің мерзімі, оның 
орындалуына бақылау, шарттың ережелерін орындамағаны үшін 
жауапкершілік, шартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізу тəртібі 
де анықталады. Еңбек заңнамасының жалпы нормалары ұжымдық 
шарттан көрініс таппауы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет