Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4-шілдедегі



Pdf көрінісі
бет38/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4-шілдедегі 
«Ұжымдық шарттар туралы» заңының 10-бабы 
Тараптарды 
білдіретін 
адамдардың 
келіссөздерге 
қатысудан, ұжымдық шартты əзірлеуден, жасасудан, өзгерістер 
мен толықтырулардан жалтаруы, олардың келіссөздер жүргізу 
мерзімдерін бұзуы немесе тиісті комиссиялардың жұмысын 
қамтамасыз етпеуі бір мың сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға 
əкеп соқтырады. Осы Заңмен көзделген айыппұлды салу Қазақ 
КСР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен 
белгіленген тəртіпте жүргізіледі. 
Байқап отырғанымыздай, бұл бап ұжымдық шартқа қатысты келіс-
сөздерге, оны дайындауға, жасасуға, өзгертуге жəне толықтыруға 
қатысудан жалтарғаны, олардың келіссөздерді жүргізу мерзімін 
өткізіп алғаны жəне тиісті комиссиялардың жұмысын қамтамасыз 
етпегені үшін ұжымдық шарт тараптарының жауапкершілігін 
көздейді.


Мұндай құқық бұзушылықтар үшін мөлшері он айлық есеп 
көрсеткіштен жиырма айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл 
белгіленеді. 
Ұжымдық шартты немесе келісімді жасасудан негізсіз бас тарту 
ұжымдық шартты немесе келісімді жасасуға уəкілетті тұлғалар 
үшін оннан жиырма айлық есеп көрсеткішке дейінгі айыппұл 
түріндегі жауапкершілікті туындатады. 
Ұжымдық шарт немесе келісім бойынша міндеттемелерді 
орындамау немесе бұзу ұжымдық шарт немесе келісім бойынша 
міндеттемелерді орындамаған тұлғалар үшін оннан жиырма бес 
айлық есеп көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілікті 
туындатады. 
Ұжымдық шартты немесе келісімді жасасуға қатысты 
келіссөздер жүргізу жəне ұжымдық шартты, келісімді орындауға 
бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды бермеу осыған 
кінəлі тұлғалар үшін бестен жиырма айлық есеп көрсеткішке 
дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілікті туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет