Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет59/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
1. Жеке еңбек шарты
1) белгісіз мерзімге; 
2) белгілі бір мерзімге; 
3) белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста 
уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы 
мүмкін. 
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі 
айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. 
Сонымен, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 10-бабына сəйкес 
барлық еңбек шарттары келесі түрлерге бөлінеді: 1) белгісіз 
мерзімдік; 2) белгілі мерзімдік; 3) белгілі бір жұмысты орындау 
уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді 
ауыстыру уақытындағы. 
Белгісіз мерзімге жасалатын еңбек шарттары – бұл еңбек 
шарттарының жиі кездесетін түрі. Бұларда шарттың 
əрекет етуінің бастапқы мерзімі көрсетіледі, бірақ оның 
күші қашан аяқталатыны көрсетілмейді. Жалпы алғанда, 
мұндай шарттармен ешбір мерзіммен шектелмеген 
тұрақты жұмыстар байланысты болады. 
Белгілі мерзімге жасалатын еңбек шарттары еңбек құқығы 
қатынастарындағы шарттардың бір түрі. Олар еңбектің сипатына 
немесе оны орындаудың ерекшеліктеріне қарай еңбек қатынастары 
белгісіз мерзімге белгілене алмайтын кезде жасалады. Алайда, 
соңғы кезде еңбек шартының бұл түрі де кеңінен тарала бастады. 
Белгіленген мерзімнің белгісіз мерзімнен басты айырмашылығы – 
жеке еңбек шартының аяқталу мерзімінің нақты көрсетілуінде. 
Белгілі мерзімдегі еңбек шарттарының арасында уақытша 
қызметкерлермен жасалатын жəне маусымдық жұмыстар 
кезіндегі 
еңбек 
шарттары 
кеңінен 
таралған. 
Уақытша 
қызметкерлер ретінде жұмысқа екі ай мерзімге, уақытша қызметте 


жоқ қызметкерлердің (бұлардың жұмыс орны немесе лауазымы екі 
айға дейін сақталады) орнына қабылданған тұлғалар табылады. 
Уақытша қызметкерлермен жеке еңбек шартын жасасқан кезде, 
сонымен қатар оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта 
(өкімде) бұл қызметкердің уақытша жұмысқа қабылданатыны 
немесе жұмыстың нақты мерзімі көрсетілуі тиіс. Маусымдық 
жұмыстарға қабылдау кезінде жеке еңбек шарты белгілі бір 
маусымға қатысты жасалады. Маусымдық жұмыстар ретінде 
табиғи жəне климаттық жағдайларға орай жылдың белгілі бір 
кезеңінде (маусымында) орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан 
аспайтын жұмыстар танылады. 
Уақытша жəне маусымдық жұмысқа қабылданатын тұлғалар 
еңбек шартын бектітетін кезде бұл жөнінде алдын ала ескертілуі 
тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, олармен жасасқан шарт белгісіз мерзімге 
жасалған шарт ретінде қарастырылады. 
Белгілі бір мерзімге жасалатын жеке еңбек шартының ерекше 
түрі болып белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалатын 
шарт табылады. Мұндай шарттар жұмыстың аяқталу уақытын 
нақты анықтау мүмкін болмаған кезде (мысалы, құрылыстың 
аяқталатын күні) жасалады. 
Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында 
жасасқан жеке еңбек шарты аяқталу мерзімі көрсетіле отырып 
немесе мерзімі көрсетілмей де жасалуы мүмкін, алайда кез келген 
жағдайда жеке еңбек шартында еңбек қатынастарының жұмыста 
уақытша 
болмаған 
қызметкердің 
жұмысқа 
шығуымен 
тоқтатылатыны көрсетіліп өтуі тиіс. Қызметкер ауыруына, баланы 
күтумен байланысты еңбек демалысында болуына, мемлекеттік 
немесе қоғамдық міндеттерді орындауын жəне т.б. байланысты 
жұмыста уақытша болмауы мүмкін. 
Уақытша болмаған қызметкер қайтып келген жағдайда 
қызметтен босатылған тұлғаны жұмыс беруші өзара келісімнің 
негізінде басқа жұмысты ұсынуы мүмкін. 
Егер жеке еңбек шартында оның əрекет ету мерзімі 
көрсетілмесе, онда шарт белгісіз уақытқа жасалған деп саналады 
жəне жұмыс берушінің қызметкерді жеке еңбек шартының əрекет 
ету мерзімі аяқталды деген негізбен жұмыстан босатуға құқығы 
жоқ. 
Қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шарты. Қоса атқару 
ретінде негізгі жұмыспен қатар өзге де тұрақты сипаттағы ақылы 


жұмысты орындау танылады. Бұл жағдайда екі еңбек шартын жасасу қажет: 
негізгі жұмыс бойынша жəне қоса атқаратын жұмыс бойынша. 
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлермен жасалатын еңбек 
шарттары. Қажетті жағдайларда еңбек шарты қандай да бір 
себептермен үйде жұмыс істеуді қалайтын тұлғалармен жасалуы 
мүмкін. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлер ретінде жұмыс 
берушімен өзінің материалдарымен жəне өзіндегі немесе жұмыс 
беруші бөлетін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып 
алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен тетіктерін пайдалана 
отырып, жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке еңбек 
шартын жасасқан адамдар саналады. Үйде жұмыс істейтін 
қызметкерлердің санитарлық жəне өрт қадағалау талаптарына 
жауап беретін қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары болғанда ғана 
олармен еңбек шарттарын жасасуға болады. 
Үй қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттары. Үй 
қызметкерлері азаматтардың үй шаруашылығында жұмыс істеу, 
оларға əдеби жəне өзге де шығармашылық қызметте техникалық 
қызмет көрсету, балаларды тəрбиелеуге жəрдемдесу жəне өзге де 
қызмет түрлерін көрсету үшін еңбек шарттарын жасасады. Егер 
жұмыс қысқа мерзімдік сипатта болса – он күннен бір айға дейін – 
онда мұндай шарттар жасалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет