Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 12-бабы



Pdf көрінісі
бет61/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 12-бабы 


 
1. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде 
екі дана етіліп жасалады жəне оған тараптар қол қояды. Жеке 
еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін 
қызметкерге беріледі. 
2. Жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу 
күні қызметкердің еңбек міндеттерін орындауының басталуы 
деп есептеледі. 
Жеке еңбек шарты болмаған жəне (немесе) ол жұмыс 
берушінің тарапынан тиісті түрде ресімделмеген жағдайларда 
жеке еңбек шартының күші жұмысқа нақты жіберілген кезден 
басталады. 
3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін жұмыс беруші 
қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға 
міндетті, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі. 
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші 
қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке 
басының құжатын (төлқұжатын), əлеуметтік жеке кодының 
берілгені туралы куəлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа 
толмаған адамдар үшін тууы туралы куəлігін, білімі немесе 
кəсіби даярлығы туралы құжатты, жəне заңдарда көзделген 
өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. 
5. Қызметкердің бірнеше жұмыс берушімен жұмыс уақыты 
ұзақтығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек шартын 
жасасуға құқығы бар. 
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын, ұйымның 
меншік иесі не меншік иесі уəкілдік берген адам немесе орган 
ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың 
келісімінде белгіленген мерзімге жасасады. 
7. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
оны жасасу үшін көзделген тəртіппен жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет