Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының



Pdf көрінісі
бет58/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының 
немесе қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке 
еңбек шартын жасаса алады. 
3. 
Ата-анасының 
бірінің 
(қорғаншысының, 
қамқоршысының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос 
уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін жəне оқу процесін 
бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған 
оқушымен жасалуы мүмкін. 


4. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі 
жазбаша нысанда (өтініш) беріледі, бұл орайда, ата-ана 
(қорғаншы, қамқоршы) кəмелетке толмаған адаммен бірге 
жеке еңбек шартына қол қояды. 
5. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене 
жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жəне (немесе) 
қауіпті жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді. 
Бұл бапқа сəйкес жеке еңбек шартының тараптарының бірі 
ретінде он алты жасқа толған тұлға ғана бола алады. Он алты жасқа 
толған соң кез келген азамат еңбек құқығы қатынастарының 
субъектісі бола алады жəне жеке еңбек шартына сəйкес өз 
құқықтарын дербес қолданып, міндеттерді қабылдап, орындай 
алады жəне жауапкершілікте болады. 
Жекелеген жағдайларда он бес жасқа толған жасөспірім 
жұмысқа қабылдануы мүмкін. Алайда, бұл ретте келесідей 
жағдайлар ескерілуі тиіс: 
1) жасөспірім орта білім алған не жалпы білім беретін оқу 
орнын тастап кеткендей жағдай; 
2) жасөспірімнің ата-анасының, қорғаншысының немесе 
қамқоршысының жеке еңбек шартын жасасуға келісімі. 
ҚР «Неке жəне отбасы туралы» заңның 1-бабына сəйкес, 
қорғаншы (қамқоршы) болып заңда белгіленген тəртіпте 
қорғаншылық жəне қамқоршылық функцияларын асыру үшін 
тағайындалған тұлға табылады. Қорғаншылық (қамқоршылық) – 
бұл кəмелетке толмағандардың жəне сотпен əрекетке қабілетсіз 
(əрекет қабілеттігі шектелген) ретінде танылған тұлғалардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. 
Заң он төрт жасқа толған оқушылармен, олардың ата-
аналарының (қорғаншысының, қамқоршысының) міндетті жазбаша 
келісімі болған жағдайда, жеке еңбек шартын жасасуға жол береді. 
Бұл ретте жеке еңбек шартына кəмелетке толмаған қызметкер ғана 
емес, 
сонымен 
қатар 
оның 
ата-аналары 
(қорғаншысы, 
қамқоршысы) да қол қоюы тиіс. 
Ескеріп өтетін бір жайт, кəмелетке толмағандардың өмірі мен 
денсаулығын қорғау мақсаттарында он сегіз жасқа толмаған 
адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды 
жəне (немесе) қауіпті жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді. 
Дұрыс тəрбие беру үшін кəмелетке толмағандарды алкоголь 


өнімдерін, темекі жəне есірткі заттарын шығарумен, сақтаумен жəне 
сатумен байланысты жұмыстарға тартуға болмайды. 
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді вахталық əдіспен 
орындалатын жұмысқа қабылдауға болмайды. 
Жеке еңбек шартының мерзімі ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 
10-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет