Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Жеке еңбек шартының белгілері



Pdf көрінісі
бет56/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

    Бұл бет үшін навигация:
  • Кəсіп
Жеке еңбек шартының белгілері. Жеке еңбек шарты 
белгілерінің бірі болып шарт пəнінің өзгешелігі табылады. Жеке 
еңбек шартына сəйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне 
жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын 
мамандықты, 
кəсіпті, 
біліктілікті, 
лауазымды 
орындауға 
міндеттенеді.


Кəсіп – бұл белгілі бір қызметтің сипаты жəне мақсатымен 
анықталатын еңбек қызметінің бір түрі. Мысалы, дəрігер, 
оқытушы, заңгер, құрылысшы.... 
Мамандық – бұл қызметкердің мейлінше тиімді еңбек етуіне 
мүмкіндік беретін терең жəне жан-жақты білімдері мен дағдылары 
көрініс тапқан белгілі бір кəсіптің бағыты, нақты бір түрі. Мысалы, 
дəрігер кəсібі бойынша хирург, педиатр, терапевт мамандықтары; 
заңгер 
мамандығы 
бойынша 
прокурор, 
адвокат, 
судья 
мамандықтары. 
Біліктілік – бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дəрежесі, 
арнайы дайындық пен тəжірибенің деңгейі. Біліктілік нақты бір 
қызметкердің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатынын 
көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дəрежемен, санатпен 
анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург. 
Жұмыс беруші жеке еңбек шартына сəйкес қызметкерден жеке 
еңбек шартында көрсетілген нақты бір кəсіп, мамандық жəне 
біліктілік бойынша жұмысты (белгілі бір еңбек функциясын) 
орындауды талап етуге құқылы. Тек жекелеген жағдайларда ғана 
қызметкерді жұмысқа қабылдаған кездегі оның негізгі қызметінің 
түріне жатпайтын басқа да жұмысты орындауды талап етуге 
болады. 
Жеке еңбек шартында белгілі бір еңбек функциясын көрсетудің 
тəжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты қызметкердің бір 
қызметтен екінші қызметке оның келісімінсіз ауысуы (егер мұндай 
ауысу басқа жұмысқа ауысу деп саналмаса) жүзеге асырылады. Бұл 
ретте жалақының мөлшері, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек 
демалысының ұзақтығы, жеңілдіктердің берілуі өзгеріссіз қалады. 
Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып өндірістік 
қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл 
қызметкердің кəсіпорын немесе ұйымның штатына енуін жəне 
осы кəсіпорынның немесе мекеменің өндірістік қызметіне 
тартылуын білдіреді. Жеке еңбек шартында нақты қызметкердің 
еңбекке қатысты барлық жеке қабілеттері ескерілетіндіктен, бұл 
қызметкерді жұмыс берушінің келісімінсіз ауыстыруға жол 
берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет