Жеке еңбек шартының түсінігі жəне белгілері.
Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек
тəртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі
бір мамандық, біліктілік жəне кəсіп бойынша жұмысты) орындау
міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы жəне толық
көлемде жалақы төлеп отыру жəне қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім.
Қазіргі кезде азаматттардың еңбекке қатысты өз құқықтарын
жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап
өтсе болады. Себебі, еңбек
шарты ғана еңбектің жалдау
сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының
талаптарына анағұрлым толық жауап береді.
Сонымен қатар, жеке еңбек шарты ұғымымен қоса «контракт»
ұғымы да теңдей танылды. Кең мағынада
контракт дегеніміз кез
келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың (субъектілердің)
арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кəсіпкерлік жəне басқа
да қызмет саласында жаппай пайдаланылады жəне де əр түрлі
құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді.
Еңбек қатынастары саласында «контракт» ұғымы анағұрлым
тар, ерекше мағынада қолданылады жəне
еңбек шартының
айрықша нысаны ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек
шартына қарағанда контракттың өзгешелігі болады.
Жеке еңбек
шартының ережелері заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал
контракттың мазмұнында заңмен көзделмеген жағдайлар да көрініс
табуы мүмкін. Мысалы, контракт бойынша келісілген жағдайларға
қол жеткізілгенде қызметкерге пəтер, автокөлік,
бала-бақшадан
орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша
көзделуі мумкін. Əдетте, контракт ірі кəсіпорындардың
басшыларымен, спортшылармен, мəдениет
қызметкерлерімен,
оқытушылармен жəне т.б. жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: