Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет64/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
Басқа жұмысқа ауыстыру 
 
Бір ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бірге басқа жерге 
ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, 


жеке еңбек шартында тиісті өзгерістер енгізіле отырып
қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
 
Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі. Қолданыстағы заңдар 
қызметкерге еңбек шартының ережелерінің орындалуын кепілдейді 
жəне оларды біржақты өзгертуге жол бермейді. Басшылық 
қызметкерден еңбек шартында көзделмеген жұмысты орындауды 
талап етпеуі тиіс. Бұл еңбектің шарттық сипатынан туындайды, 
оған сəйкес еңбек шартының барлық жағдайлары тараптардың 
келісімі бойынша анықталуы тиіс. 
Егер еңбек шартының мына жағдайларының кем дегенде біреуі 
өзгертілсе: 
· еңбек функциялары (мамандық, біліктілік, лауазым); 
· жұмыс орны; 
· еңбекке ақы төлеу; 
· еңбек жағдайлары; 
· жұмыстың көлемі; 
· жеңілдіктер жəне т.б. 
онда басқа жұмысқа ауыстыру орын алған деп саналады, ал 
бұл заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына 
тиісті өзгерістер енгізіле отырып қызметкердің жазбаша 
келісімімен ғана жол беріледі. 
Басқа жұмысқа ауыстыруды басқа жұмыс орнынан ауыстырудан 
ажырата білген жөн, басқа жұмыс орнына ауыстыру ретінде 
қызметкерді сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегі басқа 
құрылымдық бөлімшеге ауыстыру түсініледі. Бұл кезде жеке еңбек 
шартында келісілген мамандық, біліктілік немесе қызмет шегінде 
басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға, егер 
бұл жеке еңбек шартының талаптарын өзгертуге əкеп соқпаса, 
қызметкердің келісімі талап етілмейді. Алайда, жұмыс беруші 
қызметкерді оның денсаулығына зақым келетін жұмысқа жіберуге 
құқылы емес. 
Сонымен, басқа жұмыс орнына ауыстыру еңбек шартын жəне 
оның елеулі ережелерін өзгертпейді. Басқа жұмыс орнына ауыстыру кезінде 
жұмыс орны жəне жұмыс функциялары сақталып қалады, тек нақты жұмыс 
орны – цех, бөлім жəне т.б. өзгереді. Мысалы, автобустың 
жүргізушісін жұмыс кестесін, еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен 
мөлшерін жəне еңбек шартының өзге де талаптарын сақтай 
отырып, ескі автобустан жаңа автобусқа ауыстырса немесе басқа 


бағытқа ауыстырса. Немесе оқытушыны еңбек шартында көзделген 
талаптарды сақтай отырып басқа сыныпқа ауыстырса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет