1. Қызметкер жеке еңбек шартын жұмыс берушіге бұл
туралы бір ай бұрын жазбаша түрде ескертіп тоқтатуға
құқылы.
2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты
ескерту мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
3. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе
едəуір қиыңдататын мəн-жайлар (денсаулық жағдайы,
зейнеткерлік жас, басқа жерге көшу, жалақыны мерзімінде
төлемеу жəне өзге де жағдайлар) болған кезде жеке еңбек
шартын бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде
жүргізіледі.
Бұл бапқа сəйкес қызметкер жеке еңбек шартын бұзу, яғни, кез
келген уақытта өз еркімен қызметтен босай алады. Бұл үшін
қызметкер жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша хабарландыруы
тиіс. Бұл мерзім өткеннен кейін қызметкер өз жұмысын тоқтатуға
құқылы, ал жұмыс беруші қызметкермен
толығымен есептесіп,
оған еңбек кітапшасын беруге міндетті. Қызметкер өзінің жұмысы
барысында ғана емес, сонымен қатар себепті жағдайлар бойынша
өзінің еңбек функцияларын атқара алмаған кезде де жұмыс
берушіні жеке еңбек шартын бұзатыны туралы хабарландыра
алады. Мысалы,
ауырған кезде, ақы төленетін жыл сайынғы
демалыс кезінде, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді
орындау кезінде.
Қызметкердің өз еркімен қызметтен кететіні туралы алдын-ала
хабарландыруының мақсаты мынада: жұмыс беруші оның орнына
жаңа қызметкерді тауып үлгеруі тиіс.
Жұмыс берішіні жеке еңбек
шартын бұзу ниеті жөнінде
жазбаша ескерткен қызметкер өз еркімен қызметтен босаған кезде
ескертудің мерзімі өткенге дейін өзінің өтінішін қайтарып алуы
мүмкін. Мұндай жағдайда, егер бұл қызметкердің орнына басқа
қызметкер шақырылып қоймаса, жұмыстан босату жүргізілмейді.
Егер ескерту мерзімі өтіп кеткеннен
кейін де жеке еңбек шарты
бұзылмаса, ал қызметкер жұмыстан кететіні жөнінде сөз қозғамаса,
онда жеке еңбек шартының күші жалғаса береді.
Жұмыс берушіні қызметтен босағысы келетіні туралы жазбаша
ескерткен соң, қызметкер ескертудің бүкіл мерзімінде өз еңбек
міндеттерін адал атқаруы тиіс, себебі, ескерту уақыты өткенге
дейін қызметкердің еңбек қатынастарын тоқтатуы жəне жұмысын
тастауы еңбек тəртібін бұзу болып табылады. Бұл жағдайда жұмыс
беруші
қызметкерді өз еркімен емес, жұмыста дəлелсіз
себептермен болмады деген негізбен қызметінен босата алады.
Бірақ, соған қарамастан жеке еңбек шарты тараптарының осыған
қатысты өзара келісімі болса, жеке еңбек шарты жұмыстан босату
туралы ескертудің мерзімі өтпесе де бұзылуы мүмкін. Алайда,
қызметкер өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініштің ерікті
түрде емес, жұмыс берушінің мəжбүрлеуі арқылы берілгенін
айтатындай жағдайлар да орын алуы мүмкін. Бұл кезде түбегейлі
тексеру жүргізу жəне істі мəні бойынша шешу қажет.
Қызметкердің талабы бойынша жеке еңбек шарты қызметкер
көрсеткен мерзімде бұзылуы мүмкін (яғни,
қызметкер жұмыс
берушіні өзінің өз еркімен қызметтен кететіні туралы бір ай емес,
одан біршама көп уақыт бұрын да ескертуі мүмкін). Бұл үшін
жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едəуір
қиындататын негіздер болуы тиіс (денсаулық жағдайы, басқа жерге
көшу жəне т.б.). Бұл негіздер ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 28-
бабының 3-тармағында толығымен көрсетілген. Жеке еңбек
шартын бұл негіз бойынша бұзу өтініште көрсетілген мерзімде
жүзеге асырылуы тиіс. Мерзімнің ұзақтығы қызметкердің қалауына
жəне нақты жағдайларға қарай бір айдан аз да,
көп те болуы
мүмкін.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабы
Достарыңызбен бөлісу: