Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың негіздері
Жеке еңбек шарты:
1)
ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушінің
(жеке адамның) қызметі тоқтаған;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде
қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір
жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы
салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын
жұмысына сəйкессіздігі аңғарылған;
4) жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыста болу
уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы
салдарынан, сондай-ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке
жарамсыздықгың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе,
жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда
бұзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте
мертігуіне немесе кəсіптік ауруға байланысты жоғалтқан
қызметкердің жұмыс орны (қызметі) еңбек қабілеті қалпына
келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады;
5) қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас
тартқан;
6) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сəйкес неғұрлым
жеңіл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;
7) еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты
жалғастырудан бас тартқан;
8) егер қызметкер тəртіптік жаза алған болса, ол еңбек
міндеттерін дəлелді себептерсіз қайталап орындамаған;
9) қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған
жағдайда бұзылуы мүмкін.
Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына:
Достарыңызбен бөлісу: |