Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет95/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жұмыс ауысымы – бұл заңға, жеке еңбек немесе ұжымдық шартқа 
сəйкес анықталған, қызметкердің тəулік бойына кестеге сəйкес 
істейтін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығы. 
Егер кəсіпорын екі немесе одан да көп ауысымда жұмыс 
істейтін болса, онда жұмыс режимі ауысым кестесіне сəйкес 
реттеледі. 
Бұл ауысым кестелері күшіне енгенге дейін 1 айдан кешіктірмей 
еңбек ұжымыны хабарландырылуы тиіс. Əдетте 40 сағаттық жұмыс 
аптасында 8 сағаттық жұмыс ауысымдары белгіленеді. Ауысым 
кестелері күшіне енгенге дейін еңбек ұжымында талқылануы тиіс. 
Ауысым кестелерін жасау кезінде қоғамдық көліктің жүру уақыты, 
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, мəдени-
тұрмыстық мекемелердің, дүкендердің жəне т.б. мекмелердің 
жұмысы сияқты факторлар ескерілуі тиіс. 
Əрбір 
ауысымның 
қызметкерлері 
өздерінің 
еңбек 
функцияларын белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығында 
орындауға міндетті. Қызметкерлер ауысым бойынша кезектесуді 
бірқалыпты жүзеге асыруы тиіс. Ауысымдардың кезектесуі əрбір 
апта сайын ауысым кестесінде белгіленген сағаттарда жүргізілуі 
тіис. 
Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың 
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, 
апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 
24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс. 
Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс уақытының режимі 
ретінде жұмыс уақытын тəуліктер немесе өзге де күнтізбелік кезең 
ішінде бөлу тəртібі, күнделікті жұмыстың басталу жəне аяқталу 
уақыты, күнделікті демалуға жəне тамақтануға арналған үзілістің 
басталу жəне аяқталуы танылады. Жұмыстың жəне үзілістің 
басталу жəне аяқталу уақыты жұмыс берушінің актісімен 
белгіленеді жəне ішкі еңбек тəртібінің ажырамас бөлігі болып 
табылады. 
Заңдарға сəйкес жұмыс уақытын күндік, апталық жəне 
жинақталған есепке алумен байланысты режимдерді ажыратуға 
болады. 


Жұмыс уақытын күндік есепке алу режимі кезінде 
қызметкерлер бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезінде 
жұмыс берішінің актісімен белгіленген жұмыс сағаттарының 
ауқымында жұмыс істейді, яғни қызметкердің əр күн сайын істеген 
жұмыс уақыты есепке алынады. Екі жағдайда да жұмыстың 
басталу жəне аяқталуы уақыты ауысым кестесімен немесе ішкі 
еңбек тəртібінің ережелерімен белгіленеді. Жұмыс уақытын есепке 
алудың мұндай түрі кезінде жекелеген күндерде артық істеген 
жұмыстар мен жеткіліксіз жұмыстар бір-бірін өтей алмайды. 
Екі немесе одан да көп ауысым кезінде жұмыс уақытының 
режимі ауысым кестесіне сəйкес белгіленеді. Оларда ауысымның 
саны, олардың ұзақтығы, əрбір ауысымдағы жұмыстың басталу 
жəне аяқталу уақыты, бір ауысымнан екінші ауысымға ауысу 
тəртібі көрсетілуі тиіс. Ауысымдық жұмыс кезінде де қызметкердің 
əрбір жұмыс ауысымында (əрбір жұмыс күнінде) істеген жұмыс 
уақыты ескеріледі. 
Жұмыс уақытын апталық есепке алу режимі бес күндік жұмыс 
аптасы кезінде қолданылуы мүмкін. Егер ауысымдардың ұзақтығы 
аптаның əр түрлі күндерінде сағаттардың апталық нормасын сақтай 
отырып, өзгеше болса да, жұмыс уақытын апталық есепке алу 
қолданылады. 
Жұмыс уақытын жинақтап есепке алу кезінде белгілі бір уақыт 
– жыл, тоқсан, ай – кезеңінде жұмыс уақытының айлық, тоқсандық 
немесе жылдық ұзақтығы анықталады жəне жинақталады. Жұмыс 
уақытын бұлай есепке алуға тек заңдарда белгіленген, өндіріс 
жағдайлары бойынша жұмыс уақытының апталық немесе күндік 
ұзақтығын сақтау мүмкін емес жұмыс түрлерін орындау кезінде 
ғана жол беріледі. ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 52-бабына 
сəйкес жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды үздіксіз жұмыс 
істейтін ұйымдарда, өндіріс жағдайлары бойынша жұмыс 
уақытының апталық немесе күндік ұзақтығын сақтау мүмкін емес 
жұмыс түрлерінде, жекелеген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде 
қолдануға рұқсат беріледі. Жұмыс уақытын жинақтап есепке алу 
вахталық əдіспен жұмыс кезінде де, яғни жұмыс қызметкерлердің 
тұрғылықты жерінен тыс болған жəне қызметкерлерді жұмыс 
орнына күн сайын апарып-əкелуді қамтамасыз ету мүмкін 
болмаған жағдайда қолданылуы мүмкін. Жұмыстың бұл əдісі 
кезінде қызметкерлер белгілі бір есепке алу кезеңінде жұмысты 


орындау орнында уақытша тұрады. Бұл кездегі күнделікті 
жұмыстың ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиіс. 
Жұмыс уақытының режимінен ұйымның жұмыс режимін 
ажырата білген жөн. Өндірістің сипатына, экономикалық жəне өзге 
де талаптар тұрғысынан жұмыс режимі үздіксіз жəне үзілмелі 
болуы мүмкін. «Сіздің ұйымынызда жұмыс режимі қандай?» деген 
сұраққа «Бізде үздіксіз өндіріс» деп жауап беруге болады. 


10 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет