беріледі. Егер еңбек жағдайы бойынша бұл мүмкін болмаған
жағдайда, демалыс күндері аптаның басқа күндерінде беріледі.
Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес келген жағдайда,
жұмыс уақытын ұтымды пайдалану
мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс
күндеріне ауыстыруға құқылы.
Жұмыс беруші бүкіл ұйым үшін демалыс күндерін ауыстыра
жəне жоя алмайды. Мұндай құқық тек Қазақстан Республикасының
Үкіметіне тиесілі.
Өндірістік-техникалық жағдайлары
бойынша немесе халыққа
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын
ұйымдарда
(мысалы, көлік, байланыс ұйымдары, кинотеатрлар, мейрамханалар
жəне т.б.), сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда
жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сəйкес,
қызметкерлердің əрбір тобына демалыс күндері аптаның əр түрлі
күндерінде кезекпен беріліп отырады.
Демалыс
күндері
жұмыс
істеуге
жол
берілмейді.
Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның
келісімімен ғана жол беріледі («ҚР еңбек туралы» заңның 56-б.4-
т.).
Демалыс күндеріндегі жұмыс үшін ақы екі еседен кем емес
мөлшерде төленеді немесе тараптардың
келісімі бойынша басқа
демалыс күні берілуі мүмкін. Демалыс күндеріндегі жұмысқа
еңбекті қорғау мақсатында қызметкерлердің кейбір санаттары
тартылмайды.
Еңбек туралы заңдарда қызметкерлерді олардың келісімінсіз де
мереке күндерінде жұмысқа тартудың жағдайлары көзделген.
Мұндай жағдайлар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 59-бабында
аталған. Бұлар:
1)
төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты,
өндірістік
аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2)
жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе
бүлінуін болғызбау жəне оны тергеу үшін;
3)
тұтас алғанда ұйымның
немесе оның жеке бөлімшелерінің
одан əрі қалыпты жұмыс істеуі
тез орындалуына байланысты
болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін
жол беріледі.
Қызметтік іссапарда жүрген қызметкерлер демалыс күндерін
іссапар орнында пайдаланады. Оларға өздері іссапарда жүрген
ұйымның жұмыс уақыты режимі таралады. Бұл күндерінде олар
жұмыс істемейді жəне демалыс күндерін өз қалаулары бойынша
пайдаланады.
Қызметтік
іссапардан
оралғаннан
кейін
пайдаланбаған демалыс күндері үшін қосымша демалыс күндері
берілмейді.
«ҚР еңбек туралы» заңының 58-бабы
Достарыңызбен бөлісу: