берушінің актілерінде, жеке еңбек,
ұжымдық шарттарда
белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес
жұмыстарда (мысалы, үздіксіз өндіріс жағдайында) жұмыс беруші
қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі,
демалу
жəне тамақтану тəртібі мен орны жұмыс берушінің актілерінде
белгіленеді.
Жұмыс күні немесе ауысымы
барысында қызметкерлерге
демалу жəне жеке қажеттіліктері үшін 5-10 минуттық қысқа
мерзімдік үзілістер берілуі мүмкін. Алайда, мұндай үзілістер
жұмыс
істеу нормасын, қызмет көрсету уақытын белгілеген кезде
жұмыс уақытына қосылады. Олар үшін ақы төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: