Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Жыл сайынғы еңбек демалысы



Pdf көрінісі
бет101/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жыл сайынғы еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша 
жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы 
сақтала отырып беріледі. Қызметкердің еңбек демалысына шығу 
құқығы жұмыс орнына, атқаратын еңбек функциясына, кəсіпорын, 
ұйым, мекеменің меншік нысанына, еңбек шартының мерзіміне 
қарамастан жүзеге асырылады. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек 
демалысына шығу құқығын қызметті қоса атқаратын қызметкерлер, сонымен 
қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттан тыс қызметкерлер, үй 
қызметкерлері, үйде жұмыс істейтін қызметкерлер де иеленеді. 
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс жылында бір рет беріледі (жұмыс 
жылы қызметкердің кəсіпорынға, мекемеге, ұйым-ға жұмысқа 
тұрған күнінен бастап саналады). Ақы төленетін жыл 
сайынғы еңбек демалысын берудің жағдайлары мен тəртібі жеке 
еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы 
төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей 
жүргізіледі. 
Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбелік он 
сегіз күннен кем болмауы тиіс. Күнтізбелік он сегіз күн – бұл заңда 
белгіленген ең аз мөлшердегі ақылы еңбек демалысы. Еңбек 


заңдары қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ұзартылған 
еңбек демалыстарын көздейді. Қазіргі кезде заңдарға сəйкес 
ұзартылған еңбек демалысын келесі тұлғалар пайдаланады: 
· мемлекеттік қызметшілер (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» 
заңының 22-б.1-т.). 
Аталған 
бапқа 
сəйкес 
мемлекеттік 
қызметшілерге ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік еңбек демалысы 
беріледі; 
· педагогикалық қызметкерлер (ҚР «Білім туралы» заңының 41-
б. 3-т.). Аталған нормативтік құқықтық актіге сəйкес орта, 
бастауыш кəсіби, орта кəсіби, жоғары кəсіби жəне жоғары оқу 
орнынан кейінгі кəсіби білім беру
мекемелерінің педагогикалық 
қызметкерлері жəне оларға теңестірілген қызметкерлер ұзақтығы 
күнтізбелік 56 күндік еңбек демалысына, ал мектепке дейінгі жəне 
мектептен тыс ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері 
ұзақтығы күнтізбелік 42 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы; 
· ішкі істер органдарының қызметкерлері ұзақтығы күнтізбелік 
30 күндік, ал қызметін жоғары таулық аймақтарда, ауыр жəне 
қолайсыз табиғат жағдайындағы аймақтарда өткерген ішкі істер 
органдарының қызметкерлері еңбек өтіліне қарамастан ұзақтығы 
күнтізбелік 45 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы; 
· судьялар ұзақтығы күнтізбелік 30 күндік еңбек демалысына 
шығу құқығына ие; 
· прокуратура органдары қызметкерлері ұзақтығы күнтізбелік 30 
күндік еңбек демалысына шығуға құқылы. 
Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек демалысының 
ұзақтығын күнтізбелік 18 күннен асатындай етіп ұзарта алады. 
Еңбек 
демалыстары 
бүкіл 
жыл 
бойында 
беріледі. 
Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудің 
кезектілігі жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесінде, 
жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді. 
Заңдарға сəйкес жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бөлігі) тек 
қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана 
ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. 
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша 
келесі жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің 
өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін. Алайда, 
қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым 
салынады («ҚР еңбек туралы» заңның 60-б. 6-т.). 


Еңбек заңдары қызметкерді еңбек демалысынан шақырып алу 
мүмкіндігін де көздейді. Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс 
берушінің ұсынысы бойынша жəне қызметкердің келісімімен үзілуі 
мүмкін («ҚР еңбек туралы» заңның 64-бабы). Еңбек демалысының 
осыған байланысты пайдаланылмаған бөлігі тараптар арасындағы 
келісім бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде беріледі немесе 
қызметкердің қалауы бойынша келесі жұмыс жылындағы еңбек 
демалысына қосылады, не өтемақы төленеді. 
Еңбек демалысы күндеріне дəл келетін мереке күндерін 
есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, 
қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, 
күнтізбелік күндермен есептеледі. Жыл сайынғы еңбек 
демалысына құқық беретін еңбектегі стажына мыналар қосылады: 
· жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт; 
· жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт; 
· еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған емделуде 
болған уақыт. 
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары үшін 
орташа жалақыны есептеу немесе пайдаланылмаған еңбек 
демалысы үшін өтемақы төлеу тəртібі ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 13 
қаңтардағы № 51 қаулысында белгіленген. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек 
демалыстары үшін орташа жалақыны есептеу, сонымен қатар 
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу осы кезеңде 
белгіленген қосымша ақыларды жəне сыйақының орташа мөлшерін 
ескере отырып, күнтізбелік 12 айдағы орташа жалақының есебінен 
жүзеге асырылады. 
Заңдарда ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет