Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Шығармашылық жұмысты бастаймын. Комикстер



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Шығармашылық жұмысты бастаймын. Комикстер 
Оқушылар сабақ тақырыбын меңгере 
отырып: 
• өз идеяларын комиксте көрсету үшін қор-
шаған ортаның визуалды элементтері мен 
өнердің визуалды құралдарын қолданады; 
• комикс жасау кезінде көркемдік материал-
дар мен техникаларды таңдап, араластыра-
ды. 
Ресурстар:
комикстер бойынша көрсетілім материалдар 
(комикстер журналы, иллюстрациялар), зерттеу 
альбомы, түрлі түсті қарындаштар, гель қаламдар,
фломастерлер, бояулар.
Сабаққа қатысты ескертулер
Бұл сабақта оқушылар комикстерге байланыс-
ты ауқымды тақырыптармен танысады. 
Суреттерге мұқият қара.
Тапсырма комикстерді заманауи өнер жанры 
ретінде оқып, таныстыруға бағытталған. Оқушылар-
мен "Комикс дегеніміз не?", "Олар қандай комикстер 


19
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
мен ондағы кейіпкерлерді біледі?" деген сұрақтар 
төңірегінде әңгімелесіңіз. Оқушылар комикс туралы 
жан-жақты білгеннен кейін қазіргі кезде комикстің 
өте кең тарағаны туралы айтуы мүмкін. Комикстер 
стилі және жасалуына байланысты әртүрлі болады. 
Оқы, қызық!
Мұнда комикстің әр елде әртүрлі аталатыны ту-
ралы мағлұмат келтірілген. Мұндай тың мағлұмат-
тар оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді. 
Комикстерді қалай салуға болады? 
Оқушылар комикстерді салу кезеңдерімен-
мұқият таныссын. Содан кейін оқушылардың 
оларды кезеңдерге бөлу, қарапа йымдылық пен 
нақтылық, диалогты бөлшектеу сияқты негізгі 
қағидаларын қаншалықты меңгергеніне назар ау-
дарыңыз. 
Комикстер салуға дайындалу 
Оқушылар бұл кезеңде өз бетінше немесе 
жұппен, топпен жұмыс істей отырып, салатын
комикстерінің сюжеті туралы ойланады. Комикстің 
стилі мен материалдарын өз бетінше таңдауға 
мүмкіндік беріңіз. Комиксті ақ-қара немесе түрлі 
түсті түстермен жасауға болады. Оқушылар ко-
микстің идеясын ойластыру кезінде оны қалай 
түсінікті етіп жасауға болатынын жоспарлайды. 
Олардың идеясын талқылаңыз, қажет болса, бағыт 
беріңіз. Уақыттың шектеулі екенін ескертіңіз, сон-
дықтан сюжет өте күрделі болмауы керек.
Орындап көр. 
Оқушылардың комикс салу жұмыстарын бірне-
ше кезеңге бөліп ұйымдастырыңыз: 
қарапайым сюжет ойластыру, қатысушы 
адамдарды, олардың әр кадрдағы әрекет-
терін анықтау;
• қағаздың бетінде кадрлар (3-5 кадр) бойын-
ша сюжетті жоспарлау
• комикстің әр кадрында диалогқа орын қал-
дырып, қатысатын адамдарды (немесе үзінді) 
белгілеу;
• суреттің бөлшектерін салу, диалогтағы сөз-
дерді жазу, графикада немесе түрлі түспен 
жұмыс істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет