20
Көркем еңбек
Тірек сөздер: эмоция, кадр.
Оқулық: Шығармашылық жұмысты жалғастырамын, 20-21 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Рой Лихтенштейн (1923-1997) – поп-артта қайталанбас дара стиль қалыптастырған танымал суретші.
Өнер саласы бойынша білім алған ол әуелі сюрреализм, абстракционизм және басқа да бағыттардағы
көптеген еңбектерімен танылған. Ол комикстерге, мультфильмдерге, жарнамаға, поп-арт стилінде қоса
жүретін сәнді және танымал образдарға жүгінеді. Комикстен өзіне ұнаған суретті таңдап, оны трафарет
пен жібекбаспасы (трафарет арқылы бояу) арқылы қолмен үлкейтеді.
Суретшінің басты мақсаты – комикстердің адам қолымен салынбағанын, баспа түрінде жасалған
көрсету. Сондықтан ол бірнеше түсті ғана пайдаланған, ал көлемді, көлеңкені және тереңдікті көрсету
үшін қара сызықтар мен нүктелерді қолданған. Нүктелерді суретші трафаретпен салған. Жұмыстар қол-
дан салынғанына қарамастан, комикстің үлкейтілген кадрлары сияқты көрінеді.
Суретшінің негізгі жұмыстарының қатарында: «Мәшинеде» (In the car), «Ұйқыдағы қыз» (Sleeping
girl), «Мүмкін» (M-Maybe), «Жылап тұрған қыз» (Drawning girl) т.б. атауға болады.
Суретші көзі тірісінде-ақ Энди Уорхол және Ричард Гамильтон сияқты таңғаларлық табысқа жетті.
Сан рет марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Сөйтіп, ол туындылары ең қымбат бағаланатын сурет-
шілердің қатарына қосылды.
Сабақта нобайды үлкен форматқа көшірудің бір нұсқасы ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: