17
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер
Оқы, қызық!
Мұнда поп-арт стилінде қолданылатын өзге
де көркемдік әдістер туралы мағлұмат берілген.
Оқушыларға оны практикалық жұмыстың матери-
алын анықтап алу үшін оқып шығуды ұсыныңыз.
Оқушылар жұмысты қызығып орындауы үшін ал-
дын ала ескі газет-журналдар дайындап, алдары-
на жайып тастаңыз.
Орындап көр.
Оқушылар зерттеуге арналған альбомдарына
бұрын жазған жазуларын пайдаланады. Осы жаз-
баларға сүйене отырып, графика, коллаж, аралас
әдіс-тәсілдердің бірін таңдап,
поп-арт стилінде
жұмыс істеп көрсін. Композицияны құрастырмас
бұрын оған қандай тақырып таңдауға болатыны
туралы талқылаңыздар. Олар далада, мектепте,
дүкендерде өздері күнделікті көріп жүрген ло-
готиптерге назар аударсын. Мысалы,
белгілі бір
тауарға, танымал адамдардың портретіне, натюр-
мортқа, интерьерге және тағы да басқа нысан-
дарға жарнама жасауына болады.
Жұмыс барысын бақылап отырыңыз, поп-арт-
пен жұмыс істеуге қабілетті оқушыларға қосым-
ша тапсырма беріңіз,
олар композицияның кей
детальдарын одан әрі жетілдіре түссін. Тапсыр-
маны орындауға берілген уақыт шектеулі екенін
ескертіңіз.
Жұмыс соңында оқушылар өздері пайдаланған
әдіс-тәсілдер мен материалдар туралы, жұмысы-
ның ерекшеліктері мен кездескен қиындықтары,
оларды қалай жасағаны жайлы айтып береді. Тал-
дау барысында оқушылармен бірге «Логотипті 3D
көрінісімен жасауға бола ма?» деген мәселені қа-
растырыңыз, қандай элементтерді көбірек көрсе-
ту қажеттігін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: