Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет34/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

30
Көркем еңбек
Тірек сөз: өңдеу.
Оқулық: Көркем күйдіру үшін материал таңдау және дайындау, 30-31 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Табиғaттың тамашa туындысының бірі – ағaш. Басқа материалдарға қарағанда ағашты өңдеу 
оңайырақ. Сондықтан да көркем күйдіру үшін ағашты жиі қолданады. 
Көркем күйдіру үшін материал таңдаған кезде төмендегі жайттарды ескерген жөн. 
Ағаштың жұмсақ, оңай күйетін түрін таңдау керек. Мысалы, жұмсaқ жөкe ағашы кәмшат немесе 
қайың ағашына қаpағанда төменіpек температуpада күйдіріледі. Сондықтан жұмсақ жөке немесе 
терек ағaштарын күйдіpу едәуір жеңіл әpі тез. 
Таңдалатын ағаш сүрегінің қасиеттеріне (физикалық, химиялық, механикалық) көңіл бөліп, қа-
дағалау маңызды. Күйдіру кезінде жағымсыз, зиянды иіс шығаратын материалдарды қолданбау ке-
рек. Кейбір ағаштардан асүй жабдықтарын жасауға болмайды. 
Оқушылар таңдаған ағаш тақтайларының жарығы, шірігі немесе бұтағы болмағаны жөн.
Көркем күйдіру үшін материал таңдау және дайындау
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• көркем күйдіруге жарайтын түрлі материал-
дармен танысады; 
• көркем күйдіруге арнап ағаш даярлаудың 
әдіс-тәсілдерін игереді.
Ресурстар:
компьютер, интерактивті тақта немесе көркем 
күйдіру тәсілдерімен жасалған түрлі бұйымдар-
дың суреттері; материалдарды өңдеyге қажет-
ті құрал-саймандар; егеуқағаз, әртүрлі ағаштар, 
тақтай, ұшқат, ДВП; сондай-ақ былғары, тері, қат-
ты қағаздар және күйдіруге жарайтын кез келген 
шикізаттар, мысалы, асқабақ қабығы; зерттеу аль-
бомы, жұмыс дәптері. 
Сызғыш, қарындаш, өшіргіш. Нобай салуға ар-
налған альбом. 
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушыларға көркем күйдіріп өңдeуге қажeтті 
ағашты дұpыс таңдаy – іcтің нәтижeлі болyының 
кепілі екенін, пирография өнерінің мүмкіндігі 
тек қана ағаш материалдармен шектелмейтінін
түсіндіріңіз. 
Пирография әдісі күйдіруге жарамды былға-
ры, тері, қағаз сияқты т.б. материалдармен жұмыс 
істеуде де жиі қолданылады. Күйдіру кезінде зиян-
ды иіс шығаратын материалдардан аулақ болған 
дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет