Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет31/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырма 
Топтық жұмыс. Тапсырма ойлау және сөйлеу 
дағдыларын дамытуға арналған. 
Оқушылар күйдіріп өрнектеу өнерінің басқа 
қолөнер түрлерінен айырмашылықтары мен 
ерекшеліктерін, өзара ұқсастықтарын, тарихи 
және мәдени тұрғыдан шығу тегін зерттеулері қа-
жет. 
Оқушылар өз ізденістерінде мынадай сұрақ-
тарға жауап беруі тиіс: 
• Пирография өнері қалай пайда болды, пиро-
графия сөзінің мағынасын қалай түсінесің? 
• Көркем күйдіру өнерінде қандай материал-
дарды қолдануға болады (ағаш, былғары, сүйек, 
пластмасса т.б.)? 
• Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер 
туындыларында көркем күйдіру тәсілдері кездесе 
ме? 
Осы сұрақтар бойынша әрбір топ өз жауапта-
рын даярлайды. Ол үшін уақыт беріңіз. Бағалау 
өлшемдерін оқушылармен бірге анықтауыңызға 
болады. Мұнда тапсырманы орындау уақыты, жұ-
мысты ұйымдастырулары, оқушылардың толық 
қатысуы және тақырыптан ауытқымай, жауапта-
рының дәйекті болуын ескерген жөн. 
Берілген жауаптарды сыныптың талқылауына 
ұсыну тиімді. Топтар келісілген өлшемдер бойын-
ша өздерінің де, басқа топтардың да жұмыстарын 
бағаласын. 
Ойлан және сұраққа жауап бер.
Оқулықтағы сұраққа жауап беруді сұраңыз. 
Берілген сұрақ оқушының сыни тұрғыдан ойла-
уын дамытады. Балалардың әрқайсысының жа-
уаптарын тыңдай отырып, бұл тақырыпты қалай 
меңгергенін бағалаңыз.


28
Көркем еңбек
Тірек сөздер: күйдіргіш аспап, штифт (қалам).
Оқулық: Көркем күйдіру тәсілдері мен техникасы, 28-29 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Көркем күйдіру өнерінде жиі қолданылатын техникалардың бірі – пиротипия. Ол көне грек
тілінен аударғанда («pyros» – от және «type» – бедер) «отты бедер» деген мағынаны білдіреді. Әртүр-
лі өрнектер салу үшін арнайы дайындалған штифтер пайдаланылады. Олар бұйымдарды оюмен 
өрнектеп, әшекейлеуге мүмкіндік береді. Күйдіpіп өрнектеy аспабының құрылысы негізден (тұрқы), 
ашалы өткiзгiш сымнан, қыздырғыш ұштықтан (қаламұш), пластмасса саптан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет