Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ойлан және сұрақтарға жауап бер



Pdf көрінісі
бет39/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқушылар бұл айдарда бұйымның материалы 
мен пiшiнi суреттi (нобайды) көшіру әдiсiне қалай 
әсер ететіндігін анықтайды. 
Қосымша тапсырма 
Сурет салуға икемді кей оқушылар нобайды 
бұйым бетіне көшірмей, өздері қайтадан сала ала-
ды.
Бағалау 
Орындалған жұмыстарды оқушылармен бірге 
талқылаңыз. Жұмыс барысында қай оқушыға не 
нәрсенің қиын болғанын анықтап, түсіндіріңіз, 
айтыңыз, қиындықтан қалай шығуға болатынын 
түсіндіріңіз. 


34
Көркем еңбек
Тірек сөздер: күйдіру, ағаш.
Оқулық: Бұйымды көркемдеп күйдіру, 34-35 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көпшілігі ағаш өңдеуге қатысты болып келеді, әсіресе, 
көркемдеп күйдіруде ағаш материалының орны ерекше. Күйдіріп өрнектеу өнері ағаш ою, нақыштау, 
ағаштан мозаика жасау және кескіндемелермен қатар дамыды. Бұл өнер түрлері кейде бірін-бірі то-
лықтырса, кейде өз алдына бөлек өнер түрінде өркендеді. 
Күйдіру алдында ағаш бетін егеуқағазбен ысқылап тазартады, одан кейін бор қосылған сумен 
жылтыратып сүртеді. Содан соң, ағашқа ашық түсті жиһаз лагын жағып, тағы да жылтыратады. Бұйым 
кірлемес үшін бетіне сурет салынған папиpус қағaзын жапсыру керек. Содан кейін күйдіру жұмысы-
на кірісуге болады Жеке бөліктері күйдіріліп болған соң, жапсырылған қағазды алып тастау қажет, 
сонда шаң-тозаң қағазбен бірге кетеді. 
Қыздырғыш қаламның сабын қарындаш сияқты ұстау керек. Аспапты ток көзіне қосып, реттеуішті 
қалам қызуына керекті деңгейге қою қажет. Қалам қызарғанда жұмысты бастауға болады. 
Штифті түрлі деңгейде көлбей ұстау арқылы терең айқын сызықтар мен көмескі штрихтар салуға 
болады, сонда ағашқа түскен бедердің түсі де өзгеріп, ақшыл сарыдан қара қоңырға ауысады. 
Күйдіру кезінде тік, түзу отырып, оң қолды үстел үстіне қою керек (суретке қара). Электркүйдіp-
гішті сyыту үшiн әpбір 10-15 минyт сайын 2-3 минут үзiліс жасалады. Суыту кезінде штифтің ұшы 
күймейтін тақтада жатсын, не болмаса біраз уақыт тігінен ұстап тұру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет