Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

29
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
Оқы, қызық!
Оқушыларға түрлі қаламдармен салынған қы-
зықты формалар мен сызықтардың суреттерін 
көрсетіңіз. Бұл суреттер алуан түрлі қаламдардың 
мүмкіндігі туралы ой туғызады. Мүмкіндік болса,
штифті (қаламұшты) оқушыларға беріңіз, қолмен 
ұстап таныссын. 
Орындап көр.
Тапсырма теориялық білімді тәжірибе арқылы 
жетілдіруге бағытталған. Оқулықта пирографияда 
қолданылатын бірнеше өрнектер берілген. 
Оқушылар олармен танысып, штрихтар мен жиек 
сызықтарды ағашқа салып көреді. Сыныпта кө-
теріңкі көңіл күй туғызу үшін музыка қосыңыз 
және оқушыларға әуен ырғағымен оқулықтағы 
өрнектерді жасауға жаттықтырыңыз. Бұл өрнек-
тер олардың алдағы уақытта айналысатын шығар-
машылық жұмыстарына қажет болады. Тапсыр-
маны орындау кезінде оқушылардан өрнектерді 
қайда және қалай қолдануға болатынын сұраңыз. 
Жұмыстарын аяқтаған соң, оларды сынып бо-
лып талқылаңыздар. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқулықтағы сұрақтар қаламның қай түрі көр-
кем өрнек салуға мүмкіндік беретіні және жану-
арлардың бейнелерін салғанда қай техниканы жиі 
пайдалануға болатыны туралы ой салады. 
Қосымша тапсырма 
Оқушылар қосымша тапсырманы орындау 
кезінде күйдіру техникасын іс жүзінде қолданып 
көреді. Ол үшін күйдіргіш аспаптарды дайындап 
қойыңыз. Мүмкіндігінше күйдіргіш аспап әрбір 
оқушыда болғаны дұрыс. Оқушыларға жұмыс 
істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды 
ескертіңіз. 
Жұмысты бастар алдында күйдіргіш аспап 
токқа қосылуы тиіс. Күйдіргіш аспаптың қызуын 
міндетті түрде тексеріңіз. 
Оқушыларға жиек сызық, штрих және нүктелі 
графика деп аталатын қарапайым графиканы қа-
лай салатынын көрсетіңіз. Жұмысты ағаш матери-
алға нүкте түсіруден бастайды. Бастапқыда оқушы 
өте кішкене нүкте қойып көреді. Кейін бірте-бірте 
күрделендіріп, нүктені қоюландырып, ағаш сүре-
гінің ашық жерлерін күйдіреді. Бейнеленетін зат 
көлемін үлкейтіп, күйдіру дағдысын қалыптасты-
рады. Сонымен қатар оқушылар штрихтар мен 
сызықтарды да салып көре алады.
Бағалау
Оқушылардың алғашқы көркем күйдіру тәжіри-
белерін өздерімен бірге бағалаңыз. Оларға сұрақ 
қоя отырып, салған нүкте, сызықтарын бағалау 
жұмысын жүргізіңіз. Сызықтардың үздіксіздігіне 
немесе керісінше алшақтығына мән беріңіз. Қай 
элемент жақсы шыққан? Жұмысты жақсы жасаған 
оқушыларды міндетті түрде атаңыз. Келесі сабақта 
тағы да тәжірибе жинап, жұмыстарын бұдан да 
жоғары деңгейде жасай алатындарына сендіріңіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет