Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет36/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырма
Бұл тапсырма жинаған білімді бекітуге бағыт-
талған. Оқушылардан мына сұрақтарға ойланып 
жауап берулерін сұраңыз: 
• Бұтақтары бар ағашты өз жұмысыңа қалай 
тиімді пайдаланар едің? 
• Сүйекті көркемдеп күйдіру техникасы арқылы 
қандай бұйым жасауға болады? 
Қауіпсіздік ережелері 
Материалдарды өңдейтін құрал-саймандармен 
жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды 
қадағалаңыз.


32
Көркем еңбек
Тірек сөздер: нобай, ою-өрнек, үлгі, трафарет.
Оқулық: Көркем күйдіру үшін нобай дайындау, 32-33 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар 
Ою-өрнек (лат. оrnamentum – әсемдеу, сәндеу) – өсімдіктер мен жан-жануарлар бейнесінен және 
геометриялық элементтердің үйлесімінен құралған кескіндеме, графикалық әшекей. Ою-өрнек оның 
құрамдас бөліктерінің кезектесуі мен қайталануынан жасалады. Ол асүй жабдықтарын, қару-жа-
рақтарды, матаны, жиһаз бен кітаптарды, интерьер мен экстерьердегі бұйымдар мен заттарды, сәу-
лет өнерінің туындыларын және т.б. безендіруге пайдаланылады. 
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі сәндік-қолданбалы өнердің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ 
ою-өрнектері былайша жіктеледі: 
1. Зооморфты. 
2. Өсімдік тектес. 
3. Ғарыштық.
4. Геометриялық ою-өрнектер.
Көркем күйдіру үшін нобай дайындау
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• пирография жасауға арналған қазақ ұлттық 
нақыштары бар нобай жасауды үйренеді; 
• бұйым бетіне нобайды көшіру әдістерімен 
танысады. 
Ресурстар: 
компьютер, интерактивті тақта (немесе қағаздан 
суреттер дайындаңыз), графикалық және техника-
лық құжаттама, нобай үлгілері, сызғыш, қарындаш
өшіргіш, кеңсе пышағы, жұмыс дәптері, нобай салуға 
арналған альбом, күйдіру техникасымен жасалған 
бұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет