Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ағаш сүрегін күйдіру техникасын



Pdf көрінісі
бет41/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ағаш сүрегін күйдіру техникасын
үйрен. 
Бұл тапсырмада оқушылар өз беттерінше 
күйдіргіш аспаппен жұмыс істейді. Оқулықтағы 
мәтінді оқиды, суреттермен танысып, керек 
деректерді жұмыс дәптеріне жазады. Күйдіру 
тәсілін түсініп, үйрену үшін оқушыларға электр 
желісіне қосылмаған күйдіргіш аспапты беру 
керек. Сөйтіп оны қалай ұстауды, ыстық қаламды 
ағашқа қалай тигізуді, түрлі нүктелер мен сызықтар 
салуды үйретіңіз. 
Оқушыларға күйдіргіш аспаппен жұмыст істеуді 
әуелі өзіңіз көрсетіңіз.
Орындап көр.
Оқушылар көркем күйдіру үшін дайын суретті 
пайдалансын. Дайындалған бұйымды күйдіру 
кезінде суреттің барлық бөлшектерін салсын 
(күйдіріп) және міндетті түрде суреттің (ою-
өрнегін) дәлдігі мен сапасын қадағаласын. 
Бағалау
Оқушылардың жұмыс үдерісін бағалаңыз, оның
сапасына көңіл бөліңіз. Сіздің ескертулеріңізді 
ескеріп, бұйымдарын жақсартуға тырыссын. 
Жұмыс кезінде әр оқушының қабілетін бай-
қаңыз. Керек кезде қолдау көрсетіп, көмек беріңіз.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Бұл тапсырмада дұрыс емес жауап болмайды. 
Оқушылардың жауаптарының барлығы дұрыс. 
Тапсырма ойлау және сөйлеу дағдыларын дамы-
туға бағыталған. Әр оқушының пікірін тыңдаңыз.
Қосымша тапсырма 
Оқушыларға күйдірудің түрлері мен әдіс-тәсіл-
дерін көрсетіңіз, олар күйдірілген ағашқа қарап, 
мынадай сұрақтарға жауап берсін: 
Штрихтар не үшін қажет? Түзу сызықтарды қа-
лай жүргізесің? Қандай әдіспен ағашқа дақ салуға 
болады? Әртүрлі реңдер қалай жасалады? 
Қауіпсіздік ережесі 
Оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауын 
қадағалаңыз, бұл туралы оларға әрдайым ескертіп 
отырыңыз.


36
Көркем еңбек
Тірек сөздер: безендіру, әрлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет