38
Көркем еңбек
Тірек сөздер: көрме, жәрмеңке, заттаңба, каталог, тұтынушы.
Оқулық: Бұйымды
таныстыру, 38-39 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Оқушыларды көрме, көрме-жәрмеңке ұйымдастыру тарихымен және ерекшеліктерімен таныс-
тырыңыз. Осы ретте төменде берілген ақпаратты пайдаланыңыз.
Көрме дегеніміз – белгілі бір адамның, өнер қайраткерінің немесе кәсіпорынның (ұйымның)
шығармашылық, материалдық және рухани жетістіктері көпшілік назарына ұсынылатын мәдени
шара. Алғашқы көрме ХVI ғасырдың екінші жартысында Еуропада ұйымдастырылған. Технология-
ның, өндірістің және сауданың дамуына байланысты ХІХ-ХХ ғасырларда көрмелер мазмұны және
түрлері жағынан өзгеріске түсті. Уақыт өте келе көрменің бірнеше түрі пайда болды:
• мақсатты көрмелер,
бұл көрмеге кітап өнімдері, сауда бұйымдары, ғылыми-техникалық
жетістіктер, өндіріс, құрылыс материалдары, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмелері
жатады;
• мерзімдік көрмелер, бұл көрмеге белгілі бір уақыттан кейін тұрақты өткізілетін көрмелер жа-
тады (жылына бір немесе екі рет немесе бірнеше жылда бір рет өткізіледі);
• кезектен тыс көрмелер, арнайы іс-шараға, жыл сайынғы мерекеге, мерейтойға, конгресс,
съезд, ғылыми конференцияға және т.б. орай өткізіледі;
• тұрақты көрмелер, бұл көрмеге тарихи, өлкетану және көркемөнер мұражайларында
тұрақты көрсетілетін көрме залдары жатады.
Көрмелер ауқымына қарай аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге
бөлінеді.
Көрменің көпшілікке танымал түрлерінің бірі – көрме-жәрмеңке.
Көрме-жәрмеңке – түрлі
кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір өнімдерін көрсетуге, сатып алуға және сатуға арналған,
уақытша ұйымдастырылатын сауда алаңы. Көрме-жәрмеңкелерде келісімшарттар жасалып, жаңа
сауда байланыстары орнатылады.
Көрме-жәрмеңкені ұйымдастырудың ережелері бірнеше сатыдан тұрады:
• тақырып таңдау;
• мақсаттар
мен міндеттерді айқындау;
• бұйымдарды таңдау;
• өткізу орнын таңдау;
• құрылымын таңдау;
• көрмені безендіру;
•
көрмені жарнамалау;
• көрме нәтижелерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: