39
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
Фотосуретке қарап, сұрақтарға
жауап бер.
Оқушылардан
фотосуреттерге зерттеп, мына
сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
Фотосуретте не бейнеленген? Балалардың на-
зары қайда ауған? Жұмысты көпшілікке көрсету-
дің мұндай түрін бұрын кездестірдің бе?
Бұл сұрақтар оқушылардың белгілі бір тауар
көрмелері мен
таныстырылымын ұйымдастыру
жайлы білімін жетілдіруге көмектеседі.
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушылармен көрмелер жайлы әңгімелесіңіз.
Олардың қандай көрмелерде болғанын сұраңыз.
Оқушылар жәрмеңкенің
көрме-жәрмеңкеден
айырмашылығын біле ме екен?
Ойлан.
Көрме ұйымдастыруға кіріспей тұрып, оқушы-
лар мына сұрақтарға жауап берсін:
Көрме-жәрмеңкені қандай түрде өткізу керек?
Қай жерде, қандай ғимаратта өткізген қолайлы?
Оған қандай жұмыстарды қою керек? Кімді шақы-
руға болады? Қонақтарға қандай жағдай жасалуы
керек?
Оқушылар жәрмеңкені бірлесіп ұйымдасты-
руы керек. Әр оқушы өз міндетін анықтап алсын.
Бір оқушы сөреге немесе ғимараттағы кабинетке
тапсырыс беруге жауапты болса, тағы бір оқушы
жұмысты
жоспарлап, ұйымдастырады, ал
басқа
оқушы көрмеге билет немесе каталог әзірлей-
ді. Оқушылар тауарлар
мен бұйымдарды тиімді
сату үшін көрме-жәрмеңкенің жарнамасын дұрыс
ұйымдас тыру жолдарын ойластыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: