Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Заттаңба құрылымымен таныс



Pdf көрінісі
бет46/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Заттаңба құрылымымен таныс. 
Көрме ұйымдастыруда ең қажетті шарттардың 
бірі-заттаңба дайындау. Заттаңбада тауардың не-
месе көркем туындының атауы, жеке деректер 
және қосымша мәліметтер жазылады. Оқушылар 
заттаңба жасау, оған мәліметтер жазу тәжіри-
бесімен таныссын.
Өз туындыңа арнап заттаңба 
әзірле. 
Оқушылар бұл тапсырмада өз жұмыстарының 
заттаңбасын дұрыс безендіруді үйренеді. 
Тапсырманы орындау уақытын алдын ала бел-
гілеңіз. Заттаңба туралы мәлімет жазылатын әріп-
тердің шрифтіне, түсіне және материалына көңіл 
бөліңіз. 
Анықта.
Бұл тапсырма оқушылардың жұмысын тал-
дау үшін берілген. Тапсырманы орындай отырып, 
олар сыни ойлау дағдылары мен сөйлеу дағдыла-
рын дамытады. 
Көрме кезінде қолдан.
Оқушылар көрме жұмыстары каталогын да-
ярлауы тиіс. Каталогта көркем туындылар туралы 
қысқаша аннотация мен фотосуреттер берілуі тиіс. 
Көрмеге келген көрермендермен қалай пікір-
лесуге болатынын ойластыру керек, бұл ретте 
смайликтер мен стикерлерді пайдалануға болады.
Қосымша тапсырма 
Оқушылар көрмеге келушілерге арналған пікір 
кітабын даярлай алады.
Бағалау 
Оқушылардың көрмені ұйымдастыру және 
дайындалу кезіндегі белсенділігін ескеріңіз.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқушылардан көркем күйдіру техникасының 
не себептен ұнағанын, оны басқа қандай өнер 
түрлерімен салыстыруға болатынын сұраңыз.


40
Көркем еңбек
Сәндік-қолданбалы өнер. Қорытынды
Оқушылар «Сәндік-қолданбалы өнер» тарауында көркем күйдiрудiң пайда болу, даму тарихымен 
танысып, әртүрлі тәсілдері мен техни касын үйренді.
Олар пирографиямен жұмыс істеу және күйдіруге жарамды материал таңдауды үйренді. Күйдіргіш 
аспап құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін 
меңгерді. 
Сондай-ақ өз қолдарымен дайындайтын бұйымның нобайын жасап, оны көркем күйдіру 
техникасымен өңдеді. Олар ою-өрнек композициясын жасау үшін қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен 
әшекейлерін зерттеп көрді. Өздерінің ой-қиялынан туындаған нобайды таңдаған материалдарына 
көркем күйдіру тәсілімен түсіріп, безендірді.
Осы тарауда өз жұмысыңыз бен оқушылардың жұмыстарына талдау жасай отырып, мынадай 
сауалдарға жауап іздеп көріңіз:
• Оқыту амалдарының қайсысы неғұрлым сәтті шықты?
• Тақырыптарды саралап оқытуға жеткілікті көңіл бөлінді ме?
• Оқыту кезінде әр оқушыға назар аударылды ма?
Әрбір сабақ пен тақырыптың өз ерекшелігі бар. Осы тарауды оқыту кезінде кездескен кедергілер 
мен қиыншылықтар алдағы уақытта қайталанбас үшін мына кестені толтырыңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет