Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Өз жұмысың туралы айтып бер



Pdf көрінісі
бет71/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Өз жұмысың туралы айтып бер. 
Тапсырма оқушылардың жасаған жұмыстары 
жайлы өз ойларын айтуына және сөйлеу дағды-
сын дамытуға арналған. Оқушылардың жұмыстары 
жайлы, қандай бұйым жасағандарын, жону кезінде 
кездескен қиындықтарын, сәтті шыққан жерлерді
жұмысында жақсартатын тұстардың бар-жоғын, 
бар болса, жақсарту жолдары жайлы айтып беруін 
сұраңыз. 
Ойлан және сұраққа жауап бер. 
Берілген сұрақ арқылы токарь білдегінде жұмыс 
істеу үшін қандай қасиетке ие болу керектігі жайлы 
ойлануға жетелейді.


58
Көркем еңбек
Тірек сөздер: сәндеудің көркемдік тәсілдері, патинирлеу, балауыздау, браширлеу, морилкалау.
Оқулық: Әрлеу және сәндеу, 58-59 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Ағаштан жасалған көркем бұйымдарды әрлеу деп лак-бояу және үлдір материалдар көмегімен 
ағаш бетіне қорғаныш болатын әрі сәнін кіргізетін сыртқы қабатты өңдеуді айтады. Бұйымды әзір-
леудің соңғы кезеңі болып саналатын әрлеу жұмысы оларды көркем бейнелеудің негізгі құралдары-
ның бірі болып табылады.
Әрлеу және сәндеу
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• ағаштан жасалған бұйымдарды сәндеу 
бойынша алған білімдерін тәжірибеде қол-
данады; 
• көркем өңдеудің түрлі техникалары мен 
тәсілдері арқылы жонылған ағаш
бұйымдарды сәндеуді үйренеді. 
Ресурстар:
көркем өңдеудің түрлі техникалары мен тәсіл-
дері арқылы әрленген дайын бұйым үлгілері; 
оқушылар әзірлеген фасондық беті бар
бұйымдар; бояғыштар мен еріткіштер жинағы; 
морилкалар, түрлі түсті лактар, қылқаламдар мен 
тығындар, электркүйдіргіштер.
Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін қа-
зақ халқының сәндік-қолданбалы өнері жай-
лы шағын әңгіме өткізу ұсынылады. Оқушылар 
«Сәндік-қолданбалы өнер» тарауынан сәндеудің 
көркем әдістері мен түрлері жайлы білді. Түрлі 
материалдардан жасалған бұйымдарды сәндеу 
туралы еске түсіріп, қазақ шеберлерінің қолынан 
шыққан қандай қолөнер бұйымдарының өңделуі 
жайлы білетінін айтып берсін. Ұлттық тұрмыстық 
заттарды, жиһаздарды, асүй жиһаздарын, музыка-
лық аспаптарды атап бере ала ма? Оқушыларға 
қазақ ою-өрнегінің сан қыры жайлы еске салып 
өтіңіз, онымен көптеген бұйымдар өрнектеліп, ті-
гіліп, күйдірілгенін айтыңыз. Түсіндіру кезінде түр-
лі тәсілдермен сән делген ұлттық тұрмыстық зат-
тарды, асүй жиһаздарын, музыкалық аспаптарды 
көрсетіңіз. 
Оқушыларға жұмысты аяқтағаннан кейін бұй-
ымның қолданылу мақсатына қарай оны ылғал-
дан сақтау үшін де әрленетінін түсіндіру керек. 
Әрлеу жұмысын бүйір жақтарды тегістеу, ысу 
және аралап кесу мен тазартудан кейін бастайды. 
Көп жағдайда жонылған ойыншықтар мен кә-
десыйлар сияқты бұйымдардың беттерін лакпен 
сырлау алдында безендіріп, әшекейлейді; түрлі 
тәсілдермен сәндейді, яғни түрлі морилкалармен 
бояйды, күйдіреді, нақыштап безендіреді. Осы-
дан соң ағаш пен бояғыш түріне қарай қорға-
ныш лакпен сырлайды. Әрлемес бұрын бұйымды 
шаңнан тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет