59
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн
және технология
сай етіп бояу үшін морилка (бейц), яғни арнайы,
әдетте, сұйық болып келетін материал қолданы-
лады. Морилкалау барысында өңделген ағашқа
оған қажет түсті беру үшін бейц жағылады. Мо-
рилкамен бояу кезінде
ағаштың табиғи суреті
болып табылатын текстура, басқа бояғыштармен
салыстырғанда боялмайды; керісінше, анығы-
рақ, қанығырақ бола түседі. Еріткіштер негізіндегі
және спирттік морилкалар (судан жасалғандардан
басқа) әрқашан ағашты қорғайды деуге болады.
Ағашты боямайтын, тек қорғау әрі тегістеу қаси-
еттеріне ие түссіз морилкалар да болады. Сұйық
морилканы, егер
боялатын аудан көлемді бол-
маса, білікшемен не арнайы даярланған тампон-
мен жағады. Бұл тәсілде бояу қылқаламнан гөрі
біркелкі жағылады. Тампон қолмен даярланады:
мақта таза шүберекпен оралады.
Жапырағы көп ағаш түрлі бояғыштармен жақ-
сы боялады. Сондықтан да көп жағдайларда бо-
яуды күйдірумен үйлестіре отырып, одан боялған
ойыншықтар жасайды. Күйдірер алдында ағаштың
бетін даярлап, сурет салады немесе көшірме қағаз
арқылы бейнені көшіреді де, электр күйдіргішпен
күйдіреді. Суретті күйдіріп болғаннан кейін бетін
жайлап ұсақ егеуқағазбен тазалап, бояумен бояй-
ды. Кепкеннен кейін ойыншыққа бірнеше қабат
лак жағады.
Сондай-ақ жонылған бұйымдарды айналдыру
кезінде металл
сымнан жасалған жырықтармен
сәндеуге болады. Аталмыш тәсіл бұйымды жонып
болған соң, бірақ тегістеу, ысу және бүйірлерді
ойып кесудің алдында орындалады. Жырықтар
алынғаннан
кейін бұйым тегістеледі, ысылады
және бүйірлері ойылады. Білдектен алғаннан
кейін бүйірлері соңғы рет қоларамен кесіледі.
Жонылған бөлшектерді
безендірудің бір тәсілі
көркем ою болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: