Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Анықта. 
Оқушылар ағашты әрлеу үшін қолда нылатын 
тәсілдерді анықтайды. Теориялық мате риалды оқу 
барысында браширлеу, морилкалау, патинирлеу 
және балауыздау сияқты тәсілдермен танысады. 
Браширлеу немесе ағашты текстуралау – кәрі 
ағашқа тән бедерді беткі жаққа салуда қолданыла-
тын әдіс немесе алдын ала осы әрекетті ойласты-
ру кезеңі. Браширлен ген тақта ескі тақта болып 
көрінеді және қайта ланбас фактуралық текстураға 
ие болады. Морилкалауағашты оның табиғи 
түсін күшейту үшін, ағаш түрін бағалы етіп көр-
сетіп, лактың үстінен бояу үшін морилкамен бояу. 
«Патина» сөзінің өзі мыс, темір, жез, гипс және 
ағаш бұйымның бетіндегі жұқа қабатты білдіреді. 
Бүгінде патина деп бұйымдарды қолмен ескірту 
техноло гиясында қолданылатын қабықты атай-
ды. Пайда болған табиғи немесе жасанды қабық 
жиһазға ескі, антикварлық түр береді. Балауы-
здау – скипидар немесе бензинде ерітілген ба-
лауызда әзірленген шайырды ағаштың қатты түр-
лерінен немесе мәрмәрдан жасалған бұйымдарға 
жылтырағанға дейін жағу.
Орындап көр.
Оқушылар өздеріне ұнаған көркем өңдеу 
тәсілін таңдап алып, бұйымдарын сәндейді.
Бұдан әрі оқушыларға «Орындап көр» 
айдарымен танысу арқылы өз бұйымын сәндеудің 
техникасын таңдауды ұсыну керек. Оқушылар 
бұйымның қолданылу мақсатына қарай сәндеу 
техникасын мұқият ойластыруы тиіс. Ол үшін 
қандай материал және құралдар қажет екенін 
ойластыруы қажет. 
Лак-бояу материалымен қауіпсіз 
жұмыс жасау ережелері 
Оқушыларды мына ережелермен танысты ры-
ңыз: 
• ағаш бетін әрлеуді және оған лак-бояу қа-
батын жағу жұмысы жақсы желдетілетін бөлмеде 
жасалуы қажет; 
• әрлеу және лак-бояу жұмыстары кезінде ар-
найы киім (халат, алжапқыш) кию керек; 
бұйым бетін тегістеу, ысу, лак өнімдерімен 
сырлау кезінде резеңке қолғаптарды қолдану ке-
рек. Қол тазалығын қадағалау керек; кір қолмен 
бетті, әсіресе, көзді ұстауға болмайды; 
• жұмыс аяқталған кезде қолды жылы сумен 
сабындап мұқият жуу керек
• әрлеу және лак-бояу жұмыстары кезінде ше-
берхана бөлмесінде от тұтатуға, электр плитаны, 
дәнекерлеуді және т.б. қолдануға тыйым салына-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет