64
Көркем еңбек
Тірек сөздер: соқа, тырма, тұқым сепкіш, комбайн, дестелегіш.
Оқулық: Ауыл шаруашылығындағы заманауи техникалар және жабдықтар, 64-65 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Техниканың негізгі мақсаты – адамды ауыр дене еңбегінен немесе күнделікті қайталанатын жұ-
мыстан құтқару. Техниканы пайдалану адамның тұрмыс-тіршілігін жеңілдетеді. Қазіргі заманғы тех-
никалар қолданылу мақсатына қарай өнеркәсіптік техника, көлік, тұрмыстық техника, есептеуіш тех-
ника, әскери техника, ауыл шаруашылығы техникасы болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығындағы заманауи техникалар және
жабдықтар
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• ауыл шаруашылығы техникалары жайлы
біледі;
• олардың түрлерін анықтайды.
Ресурстар
мультимедиалық құрылғы, заманауи техника
мен жабдықтардың А4 форматты қағазға бейне-
ленген суреттері, ауыл шаруашылық жұмыста-
ры түрлерінің (өсімдік шаруашылығы, мал шару-
ашылығы, көкөніс шаруашылығы т.б.) суреттері.
Сабаққа қатысты ескертулер
Жаңа материалды баяндауды оқушыларға
жергілікті өндіріс орнына виртуалды экскурсия
жасаудан, оларды туған өлке тарихы мен гео-
графиялық ерекшеліктерін түсіндіруден, ауыл
шаруашылығында пайдаланылатын техника түр-
лерімен таныстырудан бастаған дұрыс. Соғы-
стан кейінгі жылдары Қазақстанның тың және
тыңайған жерлерін көтеру тарихын еске салуға
болады. 1954-1955 жылдары Қазақстанның тың
өлкесіне бұрынғы Кеңес мемлекеттері елдерінен:
Бело руссия, Молдавия, Украина, Литва, Латвия,
Ресей ден мыңдаған адам келді. Олар астық егетін
150-ден астам біріккен шаруашылықтарға шоғыр-
ланды. Тың игеруге бұрынғы Кеңес одағының
түкпір-түкпірінен жастар комсомолдық жолдама-
лармен келді. Сонымен қатар Қазақстанның тың
шаруашылықтарында Болгария, Венгрия, Польша,
Румыния, Чехословакия және Қытайдың жастар
бригадалары еңбек етті. 1956-1958 жылдары егін
жинау кезеңіне 3 млн студент пен жұмысшылар-
дан және әскери қызметкерден тұратын қосымша
жұмыс күші тартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |