Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи
техникалар мен жабдықтар
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• ауыл шаруашылығындағы жұмыс түр-
лерімен танысады;
• ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс
ережелерін біледі;
• ауыл шарауашылығы техникасының зама-
науи жетістіктерімен танысады.
Ресурстар:
«Ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі»,
«Егістікте техника жұмысын көрсету», «Мал ша-
руашылығымен шұғылданатын фермаларға ар-
налған заманауи техника» бейнематериалдарын,
өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы
жайлы қосымша суреттерді даярлаңыз.
Суреттерге мұқият қара.
Бұл тапсырма оқушылардың сараптау қабілетін
дамытуға бағытталған. Оқушылар суреттерге қа-
рай отырып, осында көрсетілген салалардың жұ-
мыстарын жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы
техникаларының түрлері туралы айтуы тиіс.
Ықтимал жауаптар:
Суретте мал шаруашылығы, өсімдік шаруа-
шылығы, егіншілік салалары бейнеленген. Оқу-
шылар кейбір ауыл шаруашылығы мәшинелерін
атауы мүмкін, ал сіз ауыл шаруашылығының
түрлі салаларындағы техникалардың рөлі жай-
лы қысқаша айтып беріңіз. Оқушылардан ауыл
шаруа шылығы техникасының қандай қажеті ба-
рын, келешекте өздері ауыл шаруашылығында қа-
лай пайдаланатынын сұрап көріңіз.
Оқы, қызық!
Айдарда берілген материал оқушылардың
фермер жайлы білімін кеңейтеді.
Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары
қазіргі егіншілікте қолданылатын техникалардың
құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары техно-
логия пайдаланылатын егіншілікте навигациялық
аспаптар, жер телімінің спутник арқылы алынатын
түсірілімі қолданылады. Осындай заманауи техни-
калық мүмкіндіктердің арқасында егінді барын-
ша нақты жоспарлауға болады. Қазір ауыл шару-
ашылығында шағын авиация қолданыла бастады.
Өңдеудің бұл әдісі арқылы ірі аумақтарды өңдеуге
кететін уақыт үнемделеді, егін өнімділігі арттыры-
лады. Авиациялық өңдеу арқылы зиянкестермен
барынша тиімді күресуге болады. Мұндай техни-
калық құралдар егін сапасын жақсартуға мүмкін-
дік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |