Онтуганова шынар шералиевна


сұрақ. Егер Арман 2 кг жүзім, 2 кг алмұрт, 1кг алма алатын болса  анасының берген ақшасы жете ме?  3 сұрақ



Pdf көрінісі
бет76/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
11.04.2023.disser

2 сұрақ. Егер Арман 2 кг жүзім, 2 кг алмұрт, 1кг алма алатын болса 
анасының берген ақшасы жете ме? 
3 сұрақ. Арман 2 айдан соң базарға көкөніс алуға келеді. бағаларды көріп 
өзі таң болады: алдыңғы бағаға қарағанда алма 2 есе қымбаттаған, алмұрттың 
бұрыңғы құнына 160 тг қосылған, ал жүзім 200 тг-ге қымбаттаған. Арман осы 3 
көкөністен 1 кг-нан алса, барлығына неше тг төледі? 


158 
Кесте 33 – «Көкөністер» тапсырмасын бағалау кестесі 
 
№ 
Дескриптор 
Балл 
Білім алушы 

Тапсырманы түсініп оқып, арифметикалық амалды орындайды 


Тұжырым жасап, есептеулерді орындап, мәнін табады. 


Логикаға сүйеніп, пайым жасап, жауабын дұрыс табады 

Жалпы балл 
10 
 
Бағалау критерийлері:
жоғары деңгей - 9-10 балл
орташа деңгей – 5 - 8 ұпай
төменгі деңгей - 4 баллдан төмен
3 тапсырма. «Ханшайымдар мен айдаһарлар» 
1 сұрақ. Зәулім сарайға қамалған ханшайым бір күні: «Зұлым сиқыршы 
жеңіліс тапты!» - деген жаңалықты естиді. 
«Зұлым сиқыршыны тек Қайырымды Перизат, батыр немесе айдаһар ғана 
жеңе алады ғой» - деп ойлады ханшайым. Бір уақытта ханшайым: 
- Зұлым сиқыршыны айдаһар жеңген жоқ. 
- Зұлым сиқыршыны Қайырымды Перизат жеңді, дегенді естіді.
Осыдан соң осы пайымдардың бірі ғана ақиқат, ал екіншісі жалған екені 
белгілі болды. Расымен зұлым сиқыршыны кім жеңді? 
2 сұрақ. Төрт қабатты сарайда сиқыршы, ханшайым, жылан және айдаһар 
тұрады. Ханшайымды босатуға келе жатқан батырға мына мәліметтер белгілі 
болды. Ханшайым сиқыршыдан жоғары, ал айдаһардан төмен тұрады екен. Ал 
жылан айдаһардан жоғары қабатта тұратын болып шықты. Батырға кім қай 
қабатта тұратынын анықтауға көмектес.
3 сұрақ. Сарайда сиқыршылар мен айдаһарлар тұрады. Олардың 
барлығының саны - 9, ал бастарының санының қосындысы – 17. Сиқыршыларда 
бір бастан, ал айдаһардың әрқайсысында үш бастан. Сарайда барлығы неше 
сиқыршы, неше айдаһар болды? 
4 сұрақ. Басқа бір сарайда тек қана айдаһарлар тұрады екен. Олардың 
барлығының саны 12 болса, ал бастарының саны 39 болыпты. Егер 
айдаһарлардың бірнешесі үшбасты, бірнешесі төртбасты болса, сарайда неше 
үшбасты айдаһар және неше төртбасты айдаһар тұратынын табыңыз. 
5 сұрақ. Айдаһарлардың ханшайымдарды ұрлап әкететіні белгілі. Бірінші 
жылы ол 312 ханшайымды ұрлады, ал екінші жылы одан екі есе кем, ал үшінші 
жылы бірінші жылға қарағанда үш есе кем ұрлады. Ұрланған 572 ханшайымды 
батырлар босатқан болса, айдаһарларда неше ханшайым қалды? 


159 
Кесте 34 – «Ханшайымдар мен айдаһарлар» тапсырмасын бағалау кестесі 
 
Дескриптор 
Балл 
Білім алушы 
Тапсырманы түсініп оқып, логикаға сүйеніп, ақиқат пайым жасап, жауабын дұрыс 
табады 

Тұжырым жасап, логикаға сүйеніп, ақиқат пайым жасап, жауабын дұрыс табады 

Берілген мәтіндегі сөйлемді математикалық тілге айналдырады, теңду құру арқылы 
жауабын есептеп табады 

Берілген мәтіндегі сөйлемді математикалық тілге айналдырады, теңду құру арқылы 
жауабын есептеп табады 

Берілген мәтіндегі сөйлемді математикалық тілге айналдырады, теңду құру арқылы 
жауабын есептеп табады 

Жалпы балл 
10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет