Онтуганова шынар шералиевна


 тапсырма. «Төртбұрыш», «үшбұрыш» деген үғымдардың ғылыми анықтамасына  логикалық талдау жасау  2 тапсырма



Pdf көрінісі
бет74/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
11.04.2023.disser

тапсырма.
«Төртбұрыш», «үшбұрыш» деген үғымдардың ғылыми анықтамасына 
логикалық талдау жасау 
2 тапсырма. 
Мына ұғымдардың мәнді және мәнсіз белгілерін ата: 
1. Үшбұрыш. 
2. Төртбұрыш. 
3. Шаршы. 
3 тапсырма.
Мына ұғымдарға шектеу және жалпылау жүргізіңдер: «ғылым», 
«математика», «жәндік», «адам», «Сәрсен», «студент», «әдебиет», «алма ағашы». 
4 тапсырма. 
Берілген ұғымдарды шектеу және жалпылау дұрыс жүргізілген бе?
«Ауылшаруашылық машинасы – машина, трактор», «жыл – ай – апта, күн». 
5 тапсырма. 
Төмендегі ұғымдардың арасында логикалық қатынастарды анықтап
шеңбер схемасын сызып көрсетіңдер: 
а) «студент» - «спортшы» - «қазақ». 
б) «кірпіш үй» - «үш қабат үй» - «салынып бітпеген үй». 
в) «қара» - «ақ» - «түс». 
г) «ағза» - «өсімдік» - «хайуан» - «жыртқыш». 
ғ) «ромб» - «квадрат» - «төртбұрыш». 
6 тапсырма. 
Төмендегі ұғымдардың анықтамалары дұрыс па, дұрыс болмаса, қандай 
қателер жіберілген? 
а) ауа – оттегі емес. 
ә) арыстан – аңдар патшасы. 
б) логика – ойлау туралы ғылым. 
в) айналасының бәрі құрғақ жермен көмкерілген, айтарлықтай кең ауданды 
шұңқырға жиналған суды көл деп атайды. 
7 тапсырма. 
Берілген ұғымдардың мазмұны мен көлемін анықтаңдар: «адам», «Астана», 
«ерлік», «қылмыскер», «ана», «етістік», «баяндауыш», «үшбұрыш», «оқулық». 
8 тапсырма. 
«Тік төртбұрыш» ұғымының көлемі «шаршы» ұғымының көлемінен 
«артық» деген тұжырым дұрыс па? Осы ұғымдардың мазмұнының арасында 
ұандай байланыс бар? Түсіндір. 
9 тапсырма. 
Берілген ұғымдардың түрлерін анықтаңдар: «айыпкер», «тіл», «қала», 
«Қазақстанның қалалары», «орман», «тобыр», «оқушы», «кітапхана», «адамзат», 
«ерлік», «мүдде», «теңдік», «ақ», «ақтық», «ұрлық», «сотталушы», «тергеуші». 
10 тапсырма. 
«Сан және цифр» ұғымдарының арасында қандай байланыс бар. Оларды 
мазмұны мен көлемі бойынша салыстыр. 


157 
Ақиқат және жалған пайымды ажырату, ой қорытынды жасауға мынадай 
мәнмәтінді тапсырмаларды ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет