Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет124/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   146
вирус

34-сурет. ИФТ 
«жанама» қойылымы 


үлгілері енгізіледі. Инкубация және шаю процедураларын жүргізгеннен кейін 
оған ферментпен таңбаланған екінші антиденелерді – конъюгатты қосады. 
Пайда болған «антидене + антиген + телімді конъюгат» кешені субстрат 
ерітіндісінің көмегі арқылы анықталады.
Егер бірінші және екінші антиденелер әртүрлі жануарлардан алынған 
болса, онда олардың соңғысын ферментпен таңбаламай ақ пайда болған 
«алғашқы антидене + антиген + екінші антидене» кешенін кейінгі 
антиденелерге телімді ферментпен таңбаланған анти-антиденелердің көмегімен 
айқындауға болады. Бұл жағдайда тәсілдің қойылымы бір сатыға ұзарады (35-
сурет).
ИФТ-дың 
«сэндвич» 
қойылымында 
қолданылатын алғашқы және екінші антиденелер 
антигеннің 
әртүрлі 
детерминанталарына 
бағытталған болуы керек.
Биологиялық сұйықтықтардағы антиденелерді 
анықтау үшін оларға үйлесімді антигендерді қатты 
фазамен 
стандартты 
антиденелер 
арқылы 
байланыстырып, 
ферментпен 
таңбаланған 
антиантиденелерді 
қолдана 
отыра, 
зерттеуге 
алынған материалдағы антиденелердің барын 
немесе жоғын анықтайды.
Бірінші қатардан басқа (1А–1Н) планшеттің 
барлық 
шұқыршығын 
антигенмен 
сенсибилизациялайды. 
Планшеттің 
бірінші 
қатарындағы шұқыршықтарға 0,1 мл-ден ФТЕ-Т 
(твин қосылған фосфатты тұз ерітіндісі) енгізеді. 
Байланыспаған 
компоненттерді 
планшеттің 
шұқыршығынан 3 мәрте шайып тастаған соң, қатты 
фазаның бос аймақтарын 1% сиыр қан сарысуы 
альбуминімен әр шұқыршыққа 0,1-0,2 мл-ден енгізу 
арқылы 
тежейді 
де, 
37ºС-де 

сағат 
инкубациялайды. 
1%-ды ірі қара қан сарысуының альбуминімен тежелу уақыты аралығында 
ФТЕ-Т ерітіндісінде 1:100 ден 1:12800-ге дейінгі бақылау және зерттелетін қан 
сарысуларының сұйылтымдарын дайындайды. Барлық қан сарысулары бар 
түтіктер белгіленіп жазылуы керек. Уақыт өткен соң 1% сиыр қан сарысуының 
альбуминін 3 мәрте шайғаннан кейін планшеттің шұқыршықтарына 0,1 мл қан 
сарысуы сұйылтымдарын енгізеді. «Позитивті» қан сарысуы екінші қатардың 
шұқыршығына (2А-2Н); «негативті» қан сарысуы үшінші қатардың 
шұқыршығына (3А-3Н); зерттеуге алынған қан сарысулар 4-12 қатардың 
шұқыршықтарына (А-Н) құйылып, 1 сағат 37ºС инкубацияланады. Содан кейін 
шұқыршықтағы қан сарысуларын 3 рет ФТЕ-Т ерітіндісімен шайып тастайды. 
1Е-1Н шұқыршықтарынан басқа, барлық шұқыршықтарға ФТЕ-Т 
ерітіндісінде дайындалған конъюгатты 0,1 мл-ден құяды. Ал 1Е-1Н 
шұқыршықтарға ФТЕ-Т ерітіндісін енгізеді. 1 сағат аралығында 37ºС 
термостатта ұстап, уақыт өткен соң ФТЕ-Т ерітіндісімен 3 мәрте шаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет