реакциялар арқылы тексереді. Сау шаруашылықтағы жануарлардың
қанында ауруға тән
антиденелер болмайды.
Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл тұқымды малдар мен жемшөпті тек қана сау
шаруашылықтардан ғана алу керек. Жалпы Ауески ауруына серологиялық тексеруден өтпеген
малдарды бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына мейлінше тосқауыл қойған жөн. Ауруды
дауалаудағы ең басты шара – кемірушілермен жүйелі түрде күрес жүргізу, иесіз бұралқы иттер
мен мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен тамақтың қалдықтарын жануарларға әбден
зарарсыздандырып барып қана беру керек. Тамақ қалдықтарын
пайдаланалатын шошқа
бордақылайтын шаруашылықтарға шошқаны малдануға өсіретін фермаларды жақын
орналастыруға болмайды. Ауру шығу қаупі төнгенде шошқаларды жаппай егеді.
Достарыңызбен бөлісу: