Блютанг вирусы бар материалды тауық эмбриондарының сарыуыз қапшығына және
хориоалантоис қабықшасына жұқтырғаннан кейін, 33,6
о
С-де инкубациялнған тауық
эмбриондары 3-6 күннен кейін өледі. Мұндай тауық эмбриондарының түсі қою-қызыл түске
иемденеді. Олардың бұлшық ет ұлпалары, бауыры мен миында
дегенеративті өзгерістер
байқалады. Интрацеребральды жолмен жұқтырылған тышқан мен қалтаауыз балаларының
миында вирустар көп мөлшерде жиналып, энцефалит белгілері байқалады да, 3-5 күннен кейін
олар өлімге ұшырайды. Ересек тышқандардың организмінде вирустар жиналғанымен, инфекция
инаппарантты түрде өтіп, онда жиналған вирустардың 1 грамм ұлпадағы концентрациясы 10
6
-
10
8
ЛД
50/г
құрайды.
Қозылардың бүйрегінен дайындалған алғашқы жасуша өсінділерінде адаптацияланған
вирустарды ВНК-21, МВ-2, және HeLa жасуша өсінділерінде өсіруге болады. Зақымданған
ВНК-21 жасушалардағы өзгерістер 18 сағаттан кейін пайда болып,
олардың толық
деструкциялануы 59 сағаттан соң байқалады. Мұндай жасушалар дөңгеленеді, цитоплазма
құрамындағы заттар редукцияланып, жасуша құрылымы өзгеріске ұшырайды. Жасушалардың
цитопатогендік өзгерістері вирустардың титріне байланысты болады. Блютанг вирусы
жұқтырылған жасушалардың ішінде өзек тәрізді бөлшектер 12-16 сағаттан соң пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: