Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет57/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   146
вирус

Вирустарды жасуша өсінділерінде бөліп алу.
Neethling вирусын 5-7 күндік тауық 
эмбрионының хориоалантоис қабықшасында, бұзаулардың және қозылардың бүйректері мен 
тестикулаларынан дайындалған жасуша өсінділерінде өсіреді. Олардың жасуша өсінділеріндегі 
цитопатогендік әсері бастапқыда баяу дамып, 24 сағаттан кейін адаптацияланып, қой шешегінің 
вирусына тән зақымдалған ұршық тәрізді немесе дөңгеленген жасушалар байқалады. өсірілген 
зақымдайды. Allerton вирусы бұқалардың тестикуласынан алынған алғашқы жасуша 
өсінділерінде жақсы өсіп, үшінші пассажда 24-36 сағаттан соң жасуша дарақабаттарын толық 
деструкцияға ұшыратады. Сонымен қатар, ірі қараның нодулярлы дерматиті вирусын қоян 
бүйрегінен алынған жасушаларында өсіру үшін адаптациялауға болады.
Биосынама. Патологиялық материалдардан дайындалған суспензияны тышқан 
балаларына, теңіз шошқаларына, қояндарға, қойлар мен ешкілерге, қажет жағдайда ірі қара 
малдардың мойынының орта тұсына, иығы мен қарын аумағына жұқтырады.
Интрацеребральды жолмен жұқтырылған тышқан балалары 5-6 тәулік ішінде өлімге 
ұшырайды. Теңіз шошқаларының терісінде түйіндердің пайда болуы 10 тәуліктен кейін 
байқалып, некротикалық ошақтар көрінеді.
Нодулярлы дерматит вирусы жұқтырылған ірі қара малдарда 6-9 тәуліктен кейін 
мойынының орта тұсында, иығы мен қарын аумағында 0,7-0,8 см болатын түйіндер пайда 
болады, 12-ші тәулікте дене қызуы 41
о
С-ге дейін көтеріліп, 13-ші тәулікте осы ауруға тән 
белгілер: азыққа тәбетінің нашарлауы, тыныс алуының жиілеуі, мұрынынан серозды-кілегейлі 
экссудат ағуы, регионарлық лимфа бездерінің ұлғаюы (қаз жұмыртқасындай) байқалады.
Вирустардың индикациясы мен типтерін идентификациялауда вирустарды бейтараптау 
реакциясы, иммунофлуоресценция реакциясы, иммунды ферменттік талдау және т.б. 
қолданылады. 
РИФТ АЛҚАБЫНЫҢ ҚЫЗБАСЫ 
(Febris vallis Rift) 
Рифт алқабының қызбасы (энзоотикалық гепатит) – зооантропонозды, трансмиссивті 
жолмен жұғатын, көбінесе жіті түрде өтетін, интоксикация, лихорадка, некротикалық гепатит, 
геморрагиялық гастроэнтерит, қозылар мен лақтардың өлімге ұшырауымен, буаз малдардың іш 
тастауымен сипатталатын вирустық індет. 
Табиғи жағдайда Рифт алқабының қызбасына қой, ешкі, ірі қара мал, енеке, бөкен, түйе, 
егеуқұйрық, тышқан, сасық күзен, тиін, маймылдар және адамдар шалдығады. 
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Bunyaviridae тұқымдастығына, 
Phlebovirus туыстығына жатады. Қазіргі кезде бұл вирустың 35 түрі бар. Вирустың табиғатын 
ең алғаш 1931 жылы Доубней мен Гудзон анықтаған. Вирионының көлемі 60-75 нм.
Рифт алқабы қызбасының вирусы эфирге, басқа да майларды ыдырататын заттарға, 
метилен көгінің фотодинамикалық әсеріне және формальдегидке сезімтал келеді. 4-5
о
С-де 
инактивацияланады. Цитрат қосылған қанның құрамындағы вирус 6 айдан аса уақыт бойы 
вируленттілігін сақтайды. Дезинфектант ретінде 0,5%-ды күйдіргіш натрий, 5%-ды карбол 


қышқылы мен хлорлы препараттар қолданылады.
Рифт алқабының қызбасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, 
патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында вирустарды бөліп алуға, вирус 
антигенедеріннің идентификациясына негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 24 сағаттан 3-7 күнге дейін созылады. Ірі 
қара мал, енеке және түйелерде ауру симптомсыз өтіп, буаз малдар жаппай іш тастайды (85%), 
сүті азаяды, кейде қан аралас іші өтеді. Бұл малдардың өлімге ұшырауы 10%-дан аспайды. 
Адамдарда бұл аурудың симптомы тұмауға ұқсас өтеді. Ауру ағымы өте жіті, жіті және жітілеу 
түрде өтеді. 
Өте жіті ағымында қозылар мен лақтарда бірінші тәуліктің өзінде аурудың алғашқы 
симптомы байқалып, жүрек жұмысының қызметі кенеттен төмендеп (коллапс), төлдердің 95-
100%-ы, ересектерінің 50%-ы өлімге ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет