Педагогика кафедрасы


Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі376 Kb.
#131811
1   2   3   4   5

Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Білім беру сапасы арттырылуда: ҰБТ-ң нәтижелері жақсаруда, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны артуда.

Инклюзивті білім беру даму үстінде.

Балаларды ыстық тамақпен қамту және тасу мәселелері шешілуде.

Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстар көлемі артуда.

Білім беруді ақпараттандыруды іске асырылуда. Білім берудің мазмұны мен технологиясы үнемі жетілдірілуде.

Жаратылыстану және математикалық білім сапасын арттыру бойынша өнімді жұмыс атқарылуда. Оның көрсеткіші ретінде қазақстандық оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне 2007 жылғы Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS ­ 2007) (36 елдің ішінде математика бойынша 5-ші орын және жаратылыстану бойынша 11-ші орын). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 3 интеллектуалды мектебі жұмыс істейді.



Үш тілде оқатын дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. Оларда 3749 бала оқиды.

Білім және ғылым саласы бойынша 130 халықаралық келісім шарттарға қол қойылды. 150 –ден астам білім және ғылым ұйымдары шетелдік серіктестермен тікелей байланыста.

Сөйте тұра қазақстандық білім беру саласы әлі де бәсекеге қабілетті бола алмай отыр.

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері



Басты мақсаты:

білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.



Бағдарлама мақсаттары:

қаржыландыруды жетілдіру

білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру

білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру

үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі

12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту

индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру

тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру



Мақсатты индикаторлар :

орта білім ұйымдарында 100% жан басы қаржыландыруды енгізу

мұғалімдердің орта еңбек ақыларының деңгейі экономикадағы орташа еңбек ақы

деңгейіне дейін жеткізілетін болады

мұғалімдердің 70% ваучерлік қаржыландыру бойынша біліктілігін арттырады

білім беру ұйымдарының 90% -да Қамқоршылық кеңестер құрылған

орта білім беру ұйымдарының 90% -да электрондық оқу жүйесі қолданылуда

ұйымдастырылған мектепке дейінгі біліммен балалардың 100% қамтылған



12 жылдық мектепке толық көшу 2020 жылы іске асырылады

тәуелсіз тестілеудің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп түлектерінің шектік деңгейден өте алмау үлесі 22,2% -дан 10% -ға дейін төмендейді

мектептерде «Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік бағдарламасы 100% іске асуда

PISA, TIMSS, PIRLS, TIMSS, ADVANCED, ICILS, TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу

жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігін тәуелсіз бағалаудан өткен ТжКБ түлектерінің үлесі 80%

жұмыс берушілер қауымдастығында бірінші реттен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі 60%

жоғары оқу орындары түлектерін еңбекпен қамту ЖОО-ны бітіргенен кейін бірінші жылда – 80% дейін жетті



Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу

білім беру менеджментін жетілдіру

педагог мамандығының беделін көтеру

оқу процесін автоматтарндыруды енгізу

мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру

12 жылдыққа көшуді іске асыру

шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу

мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру

еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету

елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларымен қамтамасыз ету

жоғары білім жүйесінің еуропалық аймаққа кіруін қамтамасыз ету

білім және ғылымның үйлесімділігін қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау мақсатын түсіндіріңіз.

2. Оқу орындарының стратегиялық дамуына сыртқы ортаның әсерін длелдеңіз.

3. Маркетингтік зерттеулердің рөлі қандай?



Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  3. Бердалиев К.Б., Өмірзаков С.П., Есенгазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері.-Алматы, 1997

  4. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.


5-Тақырып: Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.

Мақсаты: Сапа менеджменті жүйесінің мақсатымен таныстыру. Педагогикалық кадрларды аттестациялау мақсатымен таныстыру. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптардық қажеттілігін анықтау. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологияларынің мақсатымен танысытыру.

Негізгі ұғымдар: Сапа менеджменті, аттестациялау, технология, біліктілігін арттыру.

Жоспары: Білім беру мекемелерін басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді және білім беру үрдісін жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру.

Педагогикалық кадрларды аттестациялау. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптар. Ұстаз еңбегі бағалаудың дараландырылған көрсеткіштері. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары.

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:


  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. Ал біздің еншімізде 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В.Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті – бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.

Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.

2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:

1 деңгейСапа саласындағы мақсат, сапа бойынша басқару;

2 деңгей – Құжаттандыру тәртібі (20), институт стандарттары (6);

3 деңгей – Институт бөлімшелерінің ережелері (29), нұсқаулықтар (11);

4 деңгей – Сапа бойынша жазба (сапаның еркін формасы - 154);

5 деңгей – Нормативті-құқықтық және нормативті құжаттар (заң, жарғы, қаулы, ҚР БҒМ құжаттары).

Жоғарғы басшылықтың міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін үрдістік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдауды.

Жоғарғы басшы барлық жауапкершілік жетістігі университеттің қалыптасуы мен дамуына жұмсалатындығын түсінеді де әр түрлі деңгейдегі қызметтің тұрақты мониторингімен қамтамасыз етеді және оның тіршілік әрекетінің барлық үрдістерін жақсарту бойынша іс – шаралар енгізеді. Басшылық тұтынушыны толық түрде қанағаттандыруға негізделген ұсынылған қызметтердің сапасын көтеру бойынша құрамдарды тартуға үгіттейді.

ЖОО білім беру үдерісіндегі сапа менеджменті жүйесі үздіксіз жетілдіру жүйесін құру және ұйымдастыру мақсатында мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:

1. Педагог мамандарын дайындау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының білім беру қызметтерін ұсыну саласында танымды көшбасшы болуға талпыну.

2. Құрам жауапкершілігі мен өкілділікке шек қоюды жүзеге асырушы басқару құрылымын жетілдіру, себепті механизмдерді енгізу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.


3. Материалды-техникалық базаны және институттың инфрақұрылымын тұрақты түрде жетілдіру.
4. ҚР ИСО 9001:2001 талаптарына сәйкес институттағы сапа менеджментінің барлық үрдісін жүзеге асыруға кепілдік беретін ақпараттық, әдістемелік және материалдық базамен сапа менеджменті жүйесін қамтамасыз ету.

5. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етуші: сыртқы – мемлекет, әр түрлі меншіктегі кәсіпорын, студенттер мен қоғам тұтастығы; ішкі – институт оқытушылары мен қызметкерлері.


6. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары талаптарын орындау негізіндегі білім беру қызметтері сапасын көтеру кепілдігімен қамтамасыз ету, Қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін үздіксіз көтеру жүйесін дамыту.

7. Оқытушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды қамтамасыз етуші себепті механизмдерді құру есебінен іргелі және қолданбалы зерттеулердің көлемін кеңейту.


8. Институт мәртебесін көтеру есебінен оқытушылар мен қызметкерлердің материалдық тұрақты жағдайының өсуін қамтамасыз ету, сапалы білім беру қызметтерін көрсету және еңбек төлемі жүйесін жетілдіру.

9. Білім беру қызметтері жағдайын зерттеуге бағытталған маркетинг жүйесін құру және нарық талаптарының өзгерісіне икемділікпен қарау.



Білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі

Педагогика ғылымының тұрақты дамуына аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени-экономикалық кеңістікте еркін бағытталатын, жиынтық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыра білетін және оны қолдану мен арттырудың жаңа, тиімді әдістерін таба білетін білікті еңбек ресурстарының қолда болуын талап етеді. Осыдан келе, бүгінгі таңда жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлауға жаңа мағына бере отырып – ұйымның және қоғамның бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз ету қажет.

Жаңа технологиялық және ұйымдық революцияның әсерімен қоғамның даму моделі түбегейлі түрде өзгерді. Жалпы сұраныстағы өнімді сапалы өндіру мен қызмет көрсету, сапаны жалпы басқару білімі мен технологиясына көшуде. Бүгінгі таңда сапалы өнім өндіру басқа салаларға қалыптасушы ретінде әсер ететін тәуелсіз салаға айналды.

Қазақстандық ауыл шаруашылығын жоғары білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететін ЖОО алдында келесідей маңызды және қиын міндеттер тұр:



  • тұтынушының күтіміне сай сапалы қызмет көрсетуді үйрену;

  • жоғары білікті еңбек ресурстарын даярлау қызметінің сапасын тұрақты деңгейде ұстау және оны үнемі жетілдіруге үйрену.

Қызмет көрсету саласында бастапқы мәнді тұтынушының талабына бағытталған шаралар кешенін қамтитын басқару қызметі иемденіп отыр. Тұтынушы талаптарын анықтайтын және қызмет сапасының талаптарға сәйкестік дәрежесін бағалайтын сапа менеджмент жүйесі қажет етіледі. Мұндай жүйені енгізу және оның тетіктері арқылы басқаруға жүйелі ықпал етуге негізделе отырып, сапаны қамтамасыз ету арқылы мамандарды даярлаудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге, сонымен қатар қолда бар кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық және қаржылық әлеуетті тиімді қолдануға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ЖОО-да білім беру үдерісінің сапасын басқару жүйесінің өзектілігі жөнінде Президентіміз Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде» деп айтылған сөздердің астарынан көрініс тапты. Мұнда Үкіметке тапсырылған басты міндеттердің ішінде «халықаралық және техникалық стандарттарды тез арада және кең мағынада енгізу» мәселесі қойылды.

ЖОО-ның білім беру үдерістерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін ЖОО-ға сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша шаралар кешенін даярлаудан тұрады. Демек, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:

- «кадрлік», «материалды-техникалық», «ақпараттық ресурстар» түсініктерінің білім беру үдерістерінде алатын орнын анықтау;

- «қызмет сапасы», «сапа менеджмент жүйесі» түсініктерінің мәнін анықтау арқылы қажетті ресурстарын даярлау үдерісіне тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру қажеттілігін негіздеу;

ЖОО-ның білім сапасын қажетті ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында сапа менеджмент жүйесін енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін қалыптастыру қажет.

Жалпы ішкі аудиттік сараптау барысында келесі әдістерді қолдану ұсынылады: интерактивті, статистикалық, сараптама, есептік-конструктивтік, модулді, эксперт-аудиттік және т.б.

Жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде білім беру үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді жетілдіру:

- «қажетті ресурстар» түсінігінің және оның сыртқы бәсекелестік ортаға қарсы тұру мен даму қабілеттіліктерінің мәнін айқындау;

- «білім беру үдерісіндегі сапа менеджмент жүйесі» түсінігі білім беру мақсатындағы кез келген басқарма жүйесін сапамен қамтамасыз ету және жақсарту, басқару, жоспарлау;

- ЖОО-да сапа менеджмент жүйесін қалыптастыруды қазіргі заманғы көзқарастармен жүйелендіру;

- Білім беру үдерістерінің сапасын арттыруға бағытталған сапа менеджмент жүйесі моделін құру.

ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартының ISO 9001 сериясының талаптарына, Жалпы сапа менеджменті (Total QM) ұстанымдарына және Еуропалық қор моделіне негізделеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын, ұйым үшін сапаны басқарудың ең тиімді жұмыс моделі болып Жалпы сапа менеджменті моделі, басқаша айтқанда TQM (тотальді менеджмент жүйесінің принциптері) болып табылады.

Педагог мәртебесі

Мақсаты: Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру.

Мақсатты индикаторлар:

Педагогтің орташа жалақысы экономикадағы орташа жалақыға жетеді

Педагогтердің 70%-ы ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

педагог кәсібінің беделін арттыру

кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтермен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді.



Педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз ету

2011 жылдан бастап:

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде ТжКБ және ЖОО-лар үшін ағылшын тілінің педкадрларын даярлау қамтамасыз етілетін болады;

Көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау базалық пән циклінде шет тілі бойынша кредиттер көлемін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Үлгілік оқу бағдарламаларына үш тілде сабақ беретін педагогтерді даярлау бөлігіне өзгерістер енгізіледі;

Педагогтерді, оның ішінде шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – шжм) үшін даярлау бағдарламасы, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-ларда (Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Семей мемлекеттік педагогикалық институты) жоғары мектеп үшін мұғалімдерді мақсатқа сай даярлауға (екі дипломды білім бойынша кадрлар даярлау, мысалы, математика-физика-информатика) арналған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру магистрінің бағдарламасы жетілдіріледі;

Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру қамтамасыз етіледі.

Даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың қашықтықтан оқытуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивтік жабдықтармен жарықталады.

Біліктілікті арттыру жан басына қаржыландыру және біліктілікті арттыру нысанын, мазмұнын, мерзімдерін педагогтердің таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастырудың модульдік жинақтау принциптеріне негізделген ваучерлік жүйе бойынша өткізіледі.

2012 жылы Астана, Алматы, Павлодар қалаларында ваучерлік жүйенің сынақтан өткізу жүзеге асырылатын болады, көшу – 2013 жылдан бастап.

Педгог кәсібінің беделін арттыру:

Педагог кәсібінің беделін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

2013 жылдан бастап мектепке дейінгі және орта білім берудің педагог қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін төленетін қосымша ақының мөлшері арттырылатын болады.

Педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылы экономикадағы орташа республикалық жалақының деңгейіне жеткізіледі.

2016 жылдан бастап:

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (G-10-нан G-8-ге дейін) өзгерістер енгізу арқылы өндірістік оқыту шеберлерінің жалақыларын арттыру қарастырылады;

Педагог магистрлер үшін шағын жинақты мектептердегі жұмысына, педагог қызметкердің жоғары нәтижесіне еңбекке ақы төлеу нормативтері жетілдіріледі;

қазіргі қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшерлері қайта қаралады. Жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы бір лауазымдық жалақыдан екі лауазымдық жалақыға көбейтіледі;

мемлекеттік бюджеттен және жұмыс берушілер қаражаттарынан төлемдерді қоса қаржыландыру бөлігінде зейнетақы қорын қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;

жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылады.

Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар болу қажет. Ол үшін педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту жөнінде шаралар қарастырылуда.

2016 жылдан бастап жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау ережесі әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.

Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің барлығы көтермеленетін болады.

Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтің портфолионда өз көрінісін табады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау агенттіктері құрылады.

Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікіртерімінен тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.

2016 жылдан бастап математика мұғалімі TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.

      Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру

      Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингентi 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.

      Педагогтердi даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейiн өстi.

      Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны өсiп келедi: 2001 жылы - 42784 мұғалiм, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.

      Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізудi талап етедi.

      Жоғары оқу орындарының түлектерiн ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге тарту және орнықтыру тетiгiн әзiрлеу қажет.

      Жоғары оқу орындарының мүмкiндiктерi педагог кадрлардың бiлiктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мәселелерiн шешу жөнiнде шет елдермен тәжiрибе алмасу нашар дамыған. Бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа бiлім-бiлiктi игеруiн материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетiктерi тиiмдi түрде жеткiлiктi пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсендi тренингтік технологияларының енгізiлуi нашар.

      Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру

      Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласында:
жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;
      педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;

      педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бҮкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;

      екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;

      болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;

      12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

      педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;

      педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;

      бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;

      білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;

      жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi.

      Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі көзделетiн болады: мектепке дейiнгi жастағы балалармен жұмыс жөнiндегi педагогика-психология, мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша бiлiм беру педагогикасы.

      Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет