Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет16/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №96
Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың сынып жетекшісі келіп: кешегі төмен баға оқу озатына қойылған екен, ата-анасы шағымдану үстінде деп түсіндіреді.

  1. Оқушының ата - анасымен сөйлесіп кешірім сұраймын

  2. Оқушы алдында кешірім сұраймын

  3. Мектеп әкімшілігіне шешімін табуды усынам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №97
Лық толы автобусқа кіріп, мынадай жағдайға тап боласыз:
Сіздің сыныптасыңыз өтірік ұйықтап отыр екен, ал қасында үлкен кісі тұр екен.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

  1. Дереу оған ескерту жасаймын

  2. Мән бермеймін

  3. Елдің көзінше оны оятам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №98


Кешке үйге қайтар жолда, сіз өз сыныптасыңыздың қақпаға дөрекі сөздерді жазып жатқанын байқадың.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

  1. Ескерту жасаймын

  2. Бірігіп жазам

  3. Байқамағандай болам

  4. Сіздің ойыңыз

Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №99
Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
1.Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын
2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін
3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.
4. Сіздің ойыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №100


Мұғалім оқушыларға ұсталған кітап таратуда. Бір оқушы мұғалімге жыртық кітапты үн-түнсіз қайтарып берді.
Сіз бұған қалай жауап бересіз? Осындай жағдайда не істер едіңіз және неге?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет