Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет13/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №85
Сіз отырған автобусқа 8-10 жасар бала кіріп дауыстап ән айта бастайды, бітірген соң әр отырған жолаушыларға оған әні үшін ақша беруді сұрайды. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:

  1. Оған ақша беремін, себебі ол тіленші емес, оны еңбегімен тапты.

  2. Ештеңе бермеймін, мен оған мен үшін концерт ұйымдастыр деген жоқпын.

  3. Баламен сөйлесіп, оның неге мұндай іспен айналысып жүргенін анықтаймын, егер керек болса қолымнан келгенше көмектесемін.

  4. Дереу полицияға хабарласып, мұндай жағдайда не істеу керек екенін сұраймын

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №86
Үйге қарай досыңызбен келе жатқан кезде сіз бетімен төмен жерде жатқан кісіні көресіз. Сіздің досыңыз оны бұрын көргенін, мүмкін ол адамның ішкілікке немесе есірткіге құмар екенін айтады.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:

  1. Ештеңеге араласпай кетіп қалуға тырысамын.

  2. Жерде жатқан адамды кері аударып не болғанын анықтаймын.

  3. Ештеңеге араласпаймын, бірақ, полицияға хабарласып көргенімді айтамын.

  4. Ештеңеге араласпаймын, бірақ, болған жағдайды видеоға түсіріп You Tube-қа саламын.

  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №87
Сіздің ата – анаңыз пәтерге жоғарғы дәрежедегі интернет желісін қосып, осы қызмет үшін ай сайын 5мың теңге төлейді. Бірде, сіздің пенсионер көршіңіз сізге интернет желіге қосылу үшін рұқсат сұрайды. Өзінің өтінішін ол балаларының басқа қалада тұратынын, ал интернет олармен сөйлесу үшін қажеттігін айтады. Бірақ олар ай сайын 5 мың төлей алмайтынын айтады.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:

  1. Пенсионерлерге менің желіммен ақысыз қолдануына рұқсат беремін.

  2. Пенсионерлерге менің желіммен қолдануына рұқсат беремін, егер олар ай сайын маған 1мың теңге беріп отырса.

  3. Өтініштерін қабылдамаймын.

  4. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет