Педагогикалық жағдаят № 235
Сабаққа бірнеше оқушы 15 минутқа кешігіп келді. Мұғалім: «Сіздер неге кешіктіңіздер?» - деп сұрайды. Оқушылар (әлі де бөлішкесін шайнап тұрып): «Біз асханада болдық» - деп жауап берді. Бұл жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?
Педагогикалық жағдаят № 236
Сынып шулап жатыр. Мұғалім: «Сабақта неге сөйлесіп отырсыңдар?» Оқушылар: «Біз зерігіп кеттік!» - деп жауап береді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз) және неліктен?
Педагогикалық жағдаят № 237
Оқушы Сізден өзінің ішінің ауырып жатқанын айтып сұранып кетті. Сіз оны үйіне қайтарып жібердіңіз. Келесі күні оның үйіне қайтпағанын білдіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 238
Оқушы мұғалімінің сабақ жүргізуіне кедергі келтірді. Жасалған ескертулерге құлақ аспай, өзгелерге кедергі жасауын әрі қарай жалғастыра берді. Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 239
Жетінші сынып оқушысы дөрекі түрде тәртіп бұзады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісіне үнемі мұндай әрекет қайталанбайды деп уәде береді. Алайда, сынып есігінен шыға сала бәрі басынан басталады. Мұндай әрекет ұзақ уақыт жалғасуда. Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 240
Балабақшаға жаңадан тәрбиеші келді, осыдан бастап ата-аналардың бірі осы тәрбиешімен үнемі қақтығыса беретін болды. Оның баласы аса белсенді, өз күшін қайда жіберерін білместен өзге балаларға тиісе бастайды. Ақырында балалар арасында қақтығыстар пайда болады. Айтыңызшы, тәрбиеші белсенді балаларды іспен айналыстыруы қажет пе еді? Қақтығыстардың алдын алуға болар ма еді? Және «Сіздің балаңыз өзге де қарапайым балалар секілді бір орында отыра алмайды» деген секілді сөздер айта ма? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 241
Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |