Педагогикалық жағдаят № 358
Сіз сабақты өткізуге кірістіңіз, тақтаға бұрылған сайын сіз күлкі естисіз. Төменде ұсынылған сөзді реакцияның ыңғайлы нұсқасын таңдаңыз және белгілеңіз:
«Кім күліп отыр»!
«Кім маған сабақ өткізуге кедергі жасап отыр»?
«Құдай үшін күле беріңдер»!
«Мен ашуланып қарай беремін».
«Жайдары адамдарды жақсы көремін».
«Мен балаларда көтеріңкі көңіл туғызғаныма қуаныштымын».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №359
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмейтіндігін білдіріп, «Мен тапсырманы орындағым келмейді!» - дейді. Сіздің ойыңызша мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек?
«Онда сен не үшін оқуға келдің?»
«Бұл өзің үшін жаман, надан болып қала бер. Сенің мінез-құлқың өзінің бет-әлпетіне көңілі толмай өз мұрнын кесіп тастағысы келетін адамның мінез-құлқына ұқсайды.»
«Мұның аяғы неге апаратынына есеп бере аласың ба?»
«Не үшін істегің келмейтінін түсіндірші.»
«Отырып, талқылайық – мүмкін сенікі дұрыс шығар.»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №360
Сіз таза бөлмеге кірдіңіз және сол кезде бөлмеге кіргендердің ішінен біреу сіздің көзіңізше еденге қоқыс тастады. Сіз не істер едіңіз?
Ұялтасыз.
Көпшіліктің көзінше өзіңіз қоқысты жинай бастайсыз.
Астарлап айтасыз.
Ештеңе байқамағандай өтіп кете бересіз.
Ескерту жасайсыз.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №361
Жағдайды елестетіп көріңіз:Көшеде келе жатып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің төбелесінің куәгері болдыңыз. Бұл жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
Ескерту жасап әрі қарай кете бересіз.
Өтіп кете береміз, жасөспірімдердің төбелесінде ерекше ештеңе жоқ.
Араша болуға тырысамын және екеуінің екі жаққа тарасқанын күтемін.
Айналадағы адамдарды оларға араша болуға, көмекке шақырамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |