Педагогикалық жағдаят № 387
Сіз 7 «А» сыныбының жетекшісісіз, сіздің оқушылардың соңғы сабақтан сұранбай (қашып сабаққа кедергі жасап) киноға кеткенін білдіңіз. Келесі күні сіз сыныпқа келіп, осы идеяның инициаторы (бастаушысы) кім екенін сұрадыңыз, жауап - үнсіздік. Сіздің әрекетіңіз:
«Ешқайда кетпейсіз, бәрі бір айтуға тура келеді, тек директорға».
«Идеяны кімнің бастағанын (инициаторды) анықтамаяй-ақ қояйын, фильм қызықты болса да, сабақтан кетіп қалуға бола ма?».
«Бұндай жағдайдың болу себебін анықтап айтамын, бірақ барлығының топтық әрекетті қабылдауы біздің сыныптың ауыз біршілігі бар екенін байқатады, мені осы қуантады».
«Әрбір іс-шаралардың салдары бар, олардан күтілетін нәтижелерге негізделген шешімдерді болжап барып жасау керек».
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 388
Сіз сабақ беріп тұрсыз, сынып жұмылып жұмыс жасап отыр. Сабақ ортасында бір оқушы күтпеген жерден орнынан тұрып, есікті қатты жауып, сыныптан шығып кетті.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Сабақты бөліп сіз оның артынан барасыз ба?
Ешқандай жауапсыз сабақ ты жүргізе бересіз бе?
Басқа оқушыларға жұлқынасыз ба?
Себебін анықтау үшін, сабақтан соң оқушымен әңгімелесесіз бе?
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 389
Сіз 10 сыныпта сабақ беріп тұрсыз, сізге тілазар көрсетіп, сізді тыңдағысы келмей, бір оқушы музыканы қосты.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
Музыканы сөндіруін өтінуі керек.
Ештеңе болмағандай, сабақты жалғастыру.
Оқушыны кластан шығарып жіберу.
Сабақтан кейін қалдырып, әңгіме жүргізу.
Өз вариантыңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |