Педагогика теориясы


Сабақтың түрлері мен құрылымы



бет54/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сабақ
Сабақтың түрлері мен құрылымы. Оқытудың негізгі түрі – САБАҚ.
Сабақоқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы тұрақты ұжымның іс-әрекетін ұйымдастыру формасы.
Сабақ – бір жастағы, тұрақты құрамдағы, белгіленген кесте бойынша және барлығына арналған бірыңғай оқыту бағдарламасы бар оқушылар тобымен оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сабақ – оқушылардың оқытылатын материалды (білім, дағды, идеялық-адамгершілік-эстетикалық идеялар) меңгеру мақсатында оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сабақ үшін оқу жұмысының түрі ретінде келесі белгілер тән: - оқу уақытының қатаң белгіленген шеңбері бар; - сабақта, әдетте, шамамен бірдей жастағы және оқу жұмысына дайындық деңгейіндегі оқушылардың тұрақты құрамы болады; - әрбір сабақ бір пәнді оқуға арналады; - сабақтың дидактикалық құрылымы бар; - сабақ оқыту мен дамытудың мақсаттары мен міндеттері, оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері негізінде құрылады; - мұғалім (оқытушы) сабақты жасаушы, ұйымдастырушы және жетекші; - сабақ негізінен оқыту, дамыту және тәрбиелеуге бағытталған. Сабақтың анықтамасын бір мағыналы тұжырымдау қиын. Педагогика ғылымында оның бірқатар анықтамалары бар. Соның бірі мынада: сабақ – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін жүйелі түрде қолданылатын, белгілі бір уақыт аралығында оқытушылар мен оқушылардың тұрақты ұжымының іс-әрекетін ұйымдастыру формасы.
Сабақтың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • аралас сабақ;

  • жаңа материалды хабарлау;

  • өтілген материалды бекіту және дамыту сабағы

  • практикалық дағдылар мен іскерліктер;

  • өзіндік жұмыс сабағы;

  • сабақ-конференция және сабақ-семинар;

  • өтілген материалды қайталау, жалпылау және жүйелеу сабағы;

  • білім, білік және дағдыны тексеру және бағалау сабағы;

  • кіріктірілген сабақ;

  • интерактивті сабақ;

  • конструктивті сабақ және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет