Педагогика теориясы


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет57/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттері. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.
Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Қосымша білім беру жүйесіндегі педагогтер шығармашылық іс-әрекеттің түрлеріне: эстетикалық, техникалық, спортқа баланың табиғи қабілеттіліктерін анықтау қажет. Ол үшін педагог баланың жасына, даму деңгейіне, оның өскен әлеуметтік ортасына байланысты қабілеттері қалай көрінетіні туралы психологиялық-педагогикалық білімдерге ие болуы керек.
Қосымша білім беру педагогы көркем-бейнелеу ойлау мен логикалық
ойлау арасындағы айырмашылықты, баланың темпераменті, мінезі, жеке
ерекшеліктері, шығармашылық әлеуеті, оны кеңейту жолдарына, жетістіктеріне қалай әсер ететінін түсіну қажет. Сондықтан қосымша білім беру жүйесінде балалардың ойлау түрі, жалпы және арнаулы қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізіп, оған дұрыс таңдау жасауға көмектесу керек. Қосымша білім беру жүйесі балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік бейімделу үшін жағдай жасап, әлеуметтік тұрақтылығын қалыптастырады. Қосымша білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуеті зор.
Бақылау сұрақтары
1. Қазіргі білім берудің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.
2. «Оқытудың ұйымдастыру жүйесі» ұғымының мәнін ашыңыз.
3. Оқытудың жеке формасының артықшылықтары қандай?
4. Сынып-сабақ жүйенің артықшылығы неде?
5. Қазіргі сабаққа қандай талаптар қойылады?
6. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің жеке, топтық және фронтальды түрлерін пайдалана отырып, мамандық пәні бойынша сабақ жоспары мен конспект жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет