Педагогика теориясы


Тәрбие процесінің заңдылықтары



бет65/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Тәрбие процесінің заңдылықтары
К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Себебi, оның айтуынша, педагогикалык, ережелердi қара дүрсiн жаттау ешбiр пайда бермейдi. Сол ережелердi туындататын ғылыми негiздердi зерттеу мiндеттi ic. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстapдың заңдарын ашып, өз ic-әрекетiңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн. Тәрбиенiң астарлы терең заңдылықтарын бiлместен, оны жетiлдiруге ұмтылудың өзi бос әрекет.
Өмip шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуiндегi қайшылықтарды тану ғана белгiлi бip дәуiр тәрбиесiндегi күнделiктi шараларды icке асырудың және сол процестi ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық - әдiснамалық негiзiн бере алады.
Тәрбие процесінің заңдылығы педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірінен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталады.
Тәрбие процесінің бірінші заңдылығы - тәрбие процесінің мазмұны қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болуы.
Екіншісі - жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі және өзара байланыстылығы.
Үшіншісі - тәрбие процесінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясына жасаған ықпалының жоғары болуы.
Төртіншісі - тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы.
Бесіншісі - тәрбие мен тәрбиелеу бірлігі.
Тәрбие процесінің нәтижелі болуы үшін оның ішкі және сыртқы қарама – қайшылықтарын білу керек.
Тәрбиенің ішкі қарама-қайшылығы, яғни жеке адам дамуының қозғаушы күші оқушыға жасалынатын сыртқы әсерлер, педагогикалық ықпалдар мен баланың ішкі позициясы аралығында туындайды.
Ал сыртқы қарама-қайшылықтар дегеніміз бұл – мектеп тәрбиесі мен семья тәрбиесінің, мектеп тәрбиесі ықпалы мен қоршаған орта ықпалының, мектеп ұжымынің оқушыларға қойған талабының біркелкі болмауы.
Сыртқы қарама – қайшылықтарды болдырмау үшін ата – ана, мектеп, жұртшылық бірлесе, мақсатты түрде жұмыс алып баруы керек.
Тәрбие процесінің зандылықтары мен қозғаушы күштері тәрбие тиімділігін арттыруда өте қажет екенін білу әрбір тәрбиешінің міндеті. Себебі бұл процесс тәрбие жұмысының бағыттылығын арттырады, мұғалімдер мен оқушылар ұжымтері қызметтерін жандандырып, олардың қоғамдық белсендіктері мен еңбекке құштарлықтарын дамытып, педагогикалық еңбектің соңғы қорытынды нәтижесін көре білуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет