Педагогика теориясы



бет66/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Тәрбие принциптері – бұл тәрбие процесіне қойылатын талаптардың белгілі бір жүйесі, олардың түрлері көп және әрбір мұғалім олардың кейбіреулерін ғана пайдалануға құқылы. Ғылыми-педагогикалық процесс мұғалімнің таңдауына, оның қандай тәрбие принциптерін ұстанатынына негізделеді. Әдетте, тәрбие принциптері алдымен педагогикалық теория немесе концепция түрінде тұжырымдалып, сәйкестігі педагогикалық эксперимент кезінде немесе тікелей тәжірибеде тексеріледі. Уақыт өте қоғамда сан алуан өзгерістер болып жатқандықтан, педагогика ғылымы білім беру принциптерін үнемі жаңартып отыруды қажет етеді.
Тәрбие процесін ұйымдастырудың принциптері оқу процесін ұйымдастырудың мазмұнына, формалары мен әдістеріне қойылатын негізгі талаптарды білдіретін жалпы бастапқы ережелер болып табылады. Тәрбие үдерісі туралы заманауи идеялар келесі негізгі принциптерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Тәрбиенің мақсаттылық принципі. Педагогикалық жұмыстың жемісті болуы үшін тәрбиенің мақсат-міндеті анық, айқын болуы керек. Тәрбие жұмысының мақсаттылығы, идеялық бағыттылығы тәрбиелік іс-әрекетті бағдарсыздықтан, кездейсоқтықтан сақтандырады.
Тәрбиенің өмірмен байланыстылық принципі. Оқушыларды қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуды, өз елінің, халқының өткені мен бүгінгісін білуді, жалпыадамзаттық қадір-қасиеттерді меңгеруді талап етеді.
Жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлікте болу принципі дегеніміз баланы жан-жақты білу, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін, күшті және осал жақтарын айқындау және оның жағымды қасиеттерінің дамуына педагогикалық қолайлы жағдай туғызу, ықпал жасау болып табылады. Балаға жоғары талап қою, оған сенім көрсетумен ұштасуы керек. Жеке басын сыйлау, оған тым қамқорсымай, ілтипатпен қарым – қатынас жасауды талап етеді.
Сана мен мінез-құлықтың бірлігі принципі адам бойында, ар-ождан талғам, мәдениетті мінез-құлық, адамгершілік қадір-қасиеттердің үйлесімді дамуын қажетсінеді.
Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу принципі. Мұнда тәрбиенің нақты міндеттері мен оқушыларға қойылатын талап олардың жас және дара ерекшеліктеріне, тәрбие деңгейіне тәуелді болуы керек.
Тәрбие жұмысында адамның жақсы қасиеттеріне арқа сүйеу принципі өте жоғары бағаланады. Бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жақсы қасиеттерін дамыту оны жаман әдеттерден сақтандыру, оған сеніммен қарау деген сөз.
Тәрбие жұмысының табысты болуы үшін отбасы мен мектеп әрекетінің бірлігі принципінің де үлкен маңызы бар. Егер мектеп пен семьяның балаға беретін тәрбиесінде кереғарлық болса, онда бала моральдық игере алмайды.
Сонымен, тәрбие процесінде барлық тәрбие принциптердің негізінде педагогикалық ықпалдың бір-бірімен байланыстылығы, сабақтастығы принципі жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет